Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жолаушылар батпаққа батқан автобустың терезесінен шығуға мәжбүр болды

Опубликовано:

Ақтөбеде балшыққа батып қалған автобус жолаушыларды біраз әбігерге салды. Тұрғындар қоғамдық көліктің терезесінен шығуға мәжбүр болған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

8 наурыз күні №21 автобус Молдағұлова даңғылында батпақтан шыға аламай қалғанын растайтын видеоны куәгерлер YouTube желісіне жүктеген. Онда автобус жолаушылары амалсыздан терезеден секіріп шығып жатқанын көруге болады.

"8 наурыз. "Дина" гипермаркетіне қарама-қарсы жол жабық тұр. Белгі салынып, көліктер айналып өтуде. Автобус тұрып қалды, адамдар терезеден шығуда", - делінген Instagram-дағы zello_aktobe парақшасында.

Пікір қалдырушылар адамдардың терезеден шығуына ашылмай қалған есік немесе үйіліп тұрған батпақ себеп болған деп топшылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1066817-aqtobede-zholaushylar-batpaqqa-batqan/