Білім министрлігі мектепке хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салды
Жарияланған күні:
Елімізде діни киімге қатысты дауға соңғы нүкте қойылды. Бұдан-былай білім ордаларында хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салынып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Мектеп формасына қатысты жаңа талаптарды бекіткен Білім министрлігі оқушы оқушы құсап жүруі керек дейді.
Яғни, оқушылардың киімінде оның діни көзқарасын көрсететін нышандар болмауы керек. Талап бойынша, форма классикалық стильде және бірыңғай болуы тиіс. Ұл-қыздардың жас ерекшеліктеріне қарай тігілетін форма әдеттегідей, күнделікті сабаққа, салтанатты шараларда және дене шынықтыру пәні кезінде кию үшін үш түрге бөлінген.
Олардың түсі тым ашық болмауы керек. Әрі министрлік биыл мектеп формасының сапасы жоғары болуына ерекше мән беріпті. Ал, талапқа сай келмейтін білім ордалары оқушыларының киімін 25-ші мамырға дейін бекітулері қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1067495-bilim-ministrligi-mektepke-khidzhap-pe/