Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қыздардың шұлығын киіп билеген жігіттердің ісі жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде аяқтарына қыздардың шұлығын созып киіп билеп жүрген жігітерді білдей департамент басшысының орынбасары суретке түсіріп мәз деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

WhatsApp желісі арқылы тарап жатқан көңілді суреттерде ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер жүр. Бұл жолы ақтөбелік мемқызметкерлер қағазы көп мекемеде емес, көңіл көтеру орындарында басқа қырларынан танымал болып жатыр.

Аяқтарына қыздардың шұлығын созып киіп алған бірнеше жігіт көпшіліктің көңілін көтеріп жатқанға ұқсайды. «Ерекше қойылым» қойғандарды тамашалаушылардың арасында департаментте жұмыс істейтін бөлім басшылары да тұр. Лауазымды қызметтегі басшыларымен бірге көңіл көтеріп жүрген қызметкерлердің кейбірі әріптестерінің қылығына қысылып, беттерін жауып та жатыр.

Суреттегі көріністен департамент басшысының орынбасары еш қысылмастан, бейәдеп көріністерді телефонына түсіріп тұрғанын көруге болады.

Сурет астындағы «ДЮ гулянка» тіркесімен «ДЮ» (департамент юстиции) сайтына кірдік. Әділет департаментінің қызметкерлері туралы ақпарат арасынан департамент басшысының орынбасары Мақсат Қайратұлын табу қиын болған жоқ. Эстетикалық тұрғыдан қандай жерде болсын мәдениеті мен әдептілігі жағынан үлгі болуға тиіс мемқызметкерлердің қыздардың шұлығын киген бұл қылығын түсіну қиын.

Айтпақшы, Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің басшысы жақында ғана «Әдеп кеңесіне» мүше болған болатын. Гүлмира Болатқызын қызметкерлердің қылығы ұялтатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1073459-aqtobede-ayaqtaryna-qyzdardynh-shulyghy/

pixel