Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңадан сайланған депутаттар Астанадағы бес жұлдызды қонақ үйде тұратын болды

Жарияланған күні:

Сайлау өткен соң, мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар Астанадағы бес жұлдызды қонақ үйлерге жайғасады деп хабарлайды ratel.kz -ке сілтеме жасаған Қамшы порталы.

Жаңадан сайланған депутаттарға бірден қызметтік пәтер беру мүмкін болмай тұр. Сол себепті, депутаттар уақытша бес жұлдызды қонақүйлерде жайғасатын болады.

Қонақ үй басшылығы мейманханаларының жоғары талаптарға сай екенін айтқан. Ел арасында «Пекин Палас» аталып кеткен қонақ үй нөмірлері дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен де танымал екендігі айтылуда.

Сонымен, депутат болу бақыты бұйырған қалаулылар аталған қонақ үйдің әрқайсысының ауданы 35 шаршы метрден басталатын 107 нөміріне жайғасады.

Осылайша қонақ үйді толықтай депутаттар жайлайтынын жазуда. Басылымның хабарлауынша мұндағы нөмірлердің бағасы тәулігіне 118 800 теңгеден басталатын көрінеді. Болашақ депутаттардың тұрғын жайы үшін бюджеттен жарты миллион доллар бөлінген

Мақаланың толық нұсқасын ratel.kz сайтынан оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1074894-zhanhadan-saylanghan-deputattar-astana/