Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент кафелерінің бірі ас мәзірінде Қызыл кітапқа енетін жануарларды ұсынған

Опубликовано:

Қазақстан кафелерінің біріндегі ас мәзірі көпшілікті дүрліктірді. Онда аспаздар Қызыл кітапқа енетін жаунарлардың етінен тағам ұсынған. Ас мәзірінің фотосын көрген желі қолданушылары бұл кафе Шымкентте орналасқанына сенімді.

"7 түрлі еттің 3-еуі Қызыл кітапқа енген жануарлардыкі", - деп жазған өз Facebook парақшасында Қуаныш Ақпәленов есімді қолданушы. Ол, тіпті кафеде түсірілген фотоны да жазбасына қосып жүктеген.

Оның айтуынша, фото жақында ғана түсірілген. Ас мәзірі желі қолданушыларының ашуын келтірген. Олар кафеге келіп, тапсырып беріп, сол мезетте прокуратураны шақыртуға ниетті.

Ал кейбірі бұл жайтқа әзілмен қарап, сирек кездесетін жануарлардың еті қолжетімді бағамен қойылғанын сөз еткен. Мәселен, сайғақтың етінен бар-жоғы 5 950 теңгеге дәм татуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1079359-shymkent-kafelerininh-biri-mazirind/

pixel