Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұр Отан" партиясы форумға арналған бас киімдерді Қырғызстанда тіктірген

Опубликовано:

"Нұр Отан" партиясының сайлаудағы жеңісінің құрметіне өткен форумға қатысқан жастар Қырғызстанда тігілген кепка киген. Бұл туралы Азаттық блогері Руслан Ботайұлы жазады.

"Киім ілгіштегі кезекке ілінбес үшін залдан ертерек шыққан едім. Баспалдақта бірдеңені басып кеткендей сезіндім. Табан астыма қарасам, "Нұр Отан" деген өрнегі бар "бейсболка" екен. Бас киім болған соң жерден көтеріп қолыма алдым. Алақаныма шаңын қаққан едім  ішіндегі этикасына көзім түскені. Өз көзіме өзім сенбедім! Қайта қарадым! Өтірік секілді. Көзілдірікті сүртіп және қарадым. Шын екен. «Made in Kyrgyzstan» деп тұр. Қырғыз ағайынның киім тігетініне еш күмәнім жоқ, әрине. Жасырып не қылайын, аяғымдағы шұлық, іш киімім де Қырғызстаннан шыққан", - деп жазады блогер.

Блогер отандық өнімді сатып алуға үндеген партияның бас киімді Қырғызстанда тіктіргеніне таң қалғанын жасырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1080575-nur-otan-partiyasy-forumgha-arnalghan-ba/

pixel