Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ EgyptAir ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі белгісіз біреулер басып алған EgyptAir ұшағында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

«EgyptAir компаниясының MS181әуе рейсінің бортында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазіргі таңда СІМ оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр», - деп мәлім етті СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін белгісіз біреулер EgyptAir компаниясына тиесілі ұшақты басып алды. Қарақшылар ұшақты Кипрға қондыруды талап еткен. Бұл ақпаратты EgyptAir компаниясы да растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1084268-sim-qaraqshylar-basyp-alghan-egyptair-ushaghynda/

pixel