Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Арселор Миттал Теміртау» 63 жастан асқан кеншілерге жалақы бермеу туралы бұйрық шығарған

Опубликовано:

Қарағандылық кеншілер тағы да шу көтеріп жатыр. Жер үстіндегілердің жер астындағы кеншілердің жанайқайын естімейтіндігіне  ашынады.

Айтуларынша, шахтадағы  денсаулықтары онсызда нашар жұмысшылардың  тиісті ақшаларын алмағандарына бір жылдан асыпты деп хабарлайды 31 арна.

Тиісті ақшаларын даулап, өздерін өртеуге дейін барған кеншілер «Арселор Миттал Теміртау» кеңсесінің алдында тағы жиналды. Барлығы - жұмыс барысында жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып танылғандар. Сөздерінше, денсаулығының нашарлауына байланысты тағайындалған 29 пайыз өтемақылары бір жылдан бері төленбей келеді.

"Қыркүйектен бері бізге төлеу жоқ. Кейбір адамдар осы ақшаға ғана қарап отыр. Басқа кіріс жоқ", - дейді кенші Серік Жақметбеков.

Қарағандылық кеншілер мәселенің ушығып тұрғаны 2015 жылы заңға енген өзгерістерден дейді. Құжатқа сай, өндірісте зардап шеккен жұмысшыға толық сауығып кеткенше өтемақыны сақтандыру компаниясы төлеуі тиіс.

Ал «Арселор Миттал Теміртау» жасы 63-тен асқан кеншілерге ақша төлемейді деген бұйрық шығарған. Бірақ денсаулығы нашарлағандардың саны күрт көбейді деп сақтандыру компаниясы міндетінен қашып, қос тарап арасындағы келісімшарт бұзылған.

"Үшінші топ мүгедектерінің  алып жүрген жалақысының жартысын төлемей қойды. Кім ВТЕК-те болды солардың... Зейнетке шыққандарға мүлдем төлемей қойды", - дейді кенші Қанат Бейсембеков.

Ал еңбеккерлерін қысқартып, жалақыларын кешіктірген алпауыт компания кінәні сақтандыру компаниясына сілтейді. Өйткені, сөздерінше, кеншілердің өтемақысын «Альянс-Полис» басшылары өтеуі тиіс деген сот үкімі де шыққан. «Бірақ компания оған да құлақ аспады»,  -дейді. Кесірінен, жұмыс берушілер 5-тен 29 пайызға дейін өтемақыны өндіруді өз мойындарына алатын болды.

Аты шулы "Арселор Миттал Теміртау" басшылығы өтемақы бойынша есеп-қисап жұмыстарын бастапты. Кеншілердің тиісті ақшаларын жұмыс берушілер сәуірдің жетісінен бастап қайтарамыз деп серт беріп отыр. Айта кету керек, "АрселорМитталТеміртау" компаниясы 691 кеншінің қарызын қайтаруды өз мойындарына алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1089627-arselor-mittal-temirtau-63-zhastan-asq/

pixel