RU

Астаналықтар қандай жолмен жүреді?

Көктемгі жылымық елордалық жүргізушілерге тосын сый ала келді. Ой-шұңқырлар мен қауіпті жарықшақтарды байқамай қалсаң, көлігіңді сындырып алуың әбден мүмкін деп жазады BNews.kz.

Ал бірнеше күннен бері толассыз жауып жатқан жаңбыр жағдайды тек қиындатып жатыр.

Қала тұрғындары таңғы кептеліс кезінде жиі жүретін кең Байырқұм көшесіндегі жолдың жағдайы сізді қатты кейіте қоймас, дегенмен шалшық суға толған шұңқырлар да жоқ емес.

Астананың Индустриялық паркіне кіреберісте жүргізушілер қауіпті бұрылыстар жасауға мәжбүр болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында да осындай ой-шұңқырларға тап келесің.

Одан әрі тілшілер жол ортасындағы қорқынышты шұңқырларды суретке түсіріп алу үшін Пушкин көшесі мен Абай даңғылының қиылысына тоқтады.

Кейін Абай даңғылына жол тартты.

«Жастар» шағын ауданында Кравцов көшесіндегі жолдың жағдайы тіптен нашар екен. Көлік мұнда өте баяу және сақтықпен жүреді.

Материал авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1090483-astanalyqtar-qanday-zholmen-zhuredi/