Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесікке бөлеу: зиян ба, пайдалы ма?

Опубликовано:

Бесік – халқымыз үшін қасиетті, киелі мүлік. Көшпенді тұрмыста жеңіл әрі алып жүруге қолайлы болуы үшін бабаларымыз көбінесе оны қайың мен талдан иіп жасаған. NUR.KZ порталы назарларыңызға сәбиді бесікке бөлеу ырымы туралы фоторепортаж ұсынады.

Жаһанданған бүгінгі кезеңде қолданыста болудан гөрі таңсық дүниеге айналған ағаш бесіктің рөлі қандай? Оның болашақ ұрпақтың өсіп-жетілуі мен болмыс-бітіміне берер пайдасы қаншалықты?

Портал тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп, нәрестені бесікке салу рәсімін зерттеп көрді.

Нәресте туылып, кіндігі түскеннен кейін (шілде судан соң) 40 күнге дейін тұз бен сабынға жундырылып, майлап, сыланады.

Сәбидің жауырыны жабысып қалмауы үшін, күнделікті аяқ-қолдарын созып, «өс-өс» деген сөздермен денесі уқаланып, массаж жасалады.

Суға шомылдырылып, сергіген нәрестені бөлеуге бесік жабдықталады.

Алдымен түбек салынады. Тербеткенде зәрдің төгіліп кетпеуі үшін оның түбіне күл себіледі немесе қағаз салып қоюға да болады. Айта кетерлігі, бұрын түбек қыштан немесе күйдірілген балшықтан жасалған. Ал қазір оны "Аспан асты елі" синтетикалық заттан жасап беретін болыпты.

Одан соң бесік – жөргек, құс төсек (қазір қой жүнінен, мақтадан дайындалады), жастықтармен жабдықталады.

Дайын болған бесік отпен аласталады, нәресте жатқызылып, оған шүмек салынады. Шүмектің жылжып, зәрдің жайылып кетпеуі үшін тізесі мен кеуде тұсынан тартпа баумен таңылады.

Жайлы бөленген нәресте бірден ұйқыға бас қойды. Халқымыз перезентінің қол-аяғы түзу, таза, сергек өсуі үшін оның осылайша бесікке бөлейді.

Еске сала кетсек, NUR.KZ интернет-порталында бұған дейін бірнеше мәрте қоғамда саналуан пікір тудырған қазақтың көне дәстүрі туралы жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1093423-balany-besikke-qalay-boleydi/

pixel