Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бойдақтарға арналған салықты қайтадан енгiзу ұсынылды

Опубликовано:

Отандық бiлiм беру саласының құрметтi қызметкерi Аманбек Нарғабылов елімізде "бойдақ салықты" қайта енгiзу ұсынын жасады деп жазады "Жас Алаш" басылымы.

"Өз тарапымнан мынадай ұсыныс айтпақпын. Қыз балалар 20 жасқа дейiн, жiгiттерiмiз 25 жасқа дейiн үйлi-баранды болуына ықпал етуiмiз керек. Кеңес кезiнде салынған бойдақ салығының мемлекет қазынасын толықтырудан бұрын тәрбиелiк мәнi болған. Жасы ұлғайса да үйленбей жүрген жiгiттерге сабақ болу үшiн осы салық түрiн қайта енгiз­ген дұрыс сияқты. Жас отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлiп, шағын үй немесе жер телiмi уақтылы берiлсе, кәрi қыздар мен сүр бойдақтар саны сиреп, же­ңiл жүрiстiлер ойланар едi", - деп өз ойын жеткізді Аманбек Нарғабылов.

Білiм беру саласы қызметкері мұндай ұсыныс жасауына қоғамда туындаған өткір мәселелер себеп болғанын алға тартты.

"Бүкiл қазақты қаралағым келмейдi, бiрақ ұлт болашағы үшiн қоғамдағы бүгiнгi келеңсiз жағдайларды айтпасқа амал жоқ. Тастанды сәбилер мен темiртордың ар жағындағылардың, тәнiн сау­далаған қыздар мен сүр бойдақ жiгiттердiң арасында қаракөз қазақтардың саны көбейген үстiне көбею­де. Осы жағдайлардың барлығы қазақтың болашағына балта шабуда. Ұл-қыздарымызға жат, жағымсыз қылықтардың барлығына отбасындағы, қоғамдағы тәр­бие бесiгiнiң шайқалғандығы себепкер. Етек-жеңiне ие бола алмаудың кесiрiнен тегiн бiлмей өскен балалар қаншама?", - деп мәселе ушыққанын сөз етті маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094734-qazaqstanda-boydaq-salyqty-qayta-engi/

pixel