Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әкімінің орынбасары 42 жасында алғаш рет ана атанды

Опубликовано:

Ақтөбе әкімінің 42 жастағы орынбасары Айгүл Арынғазиева 1 сәуір күні алғаш рет ана атанды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Айгүл ұлын облыстық аурухананың боснау бөлімінде дүниеге әкелді.

"Ұл баланың салмағы 4 келі 500 грамм", - деп жазған Айгүл Арынғазиеваның әпкесі Дина Ниязова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Ғажайыптарға сенесіз бе? Мен енді барлығы өз ретімен болатынын, өмір бәрін өзі-ақ реттейтінін нақты білемін. Біздің үлкен әрі мамыражай отбасымыз бір адамға толықты. Бақыттан ұшып кетердей болып отырмын", - дейді Ниязова.

5 сәуір күні Айгүл Арынғазиева нәрестесімен емханадан шықты. Баланың есімін Дидар деп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1095212-aqtobe-akimininh-42-zhastaghy-orynbasary/

pixel