RU

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш кемесімен жер орбитасына шықты. Осыған орай Азаттық Радиосы ғарыш саласындағы ескі фотоларды назарларыңызға ұсынады.

Юрий Гагарин ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

"Восток-1" ғарыш кемесі ұшар алдында. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

Юрий Гагарин (сол жақта) және алғашқы экипаж командирі Владимир Комаров. Мәскеу, 11 қазан 1961 жыл.

"Восток-1" ғарыш кемесінің көтеріліп бара жатқан сәті. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

«Казахстанская правда» газетінде қызмет істейтін ақын Олжас Сүлейменов 1961 жылы 12 сәуірде «Адамға табын, Жер, енді» поэмасын жазды.

1957 жылы алғашқы спутник ұшырылған алаң. Байқоңыр. 3 шілде 2005 жыл.

Байқоңыр. 1 тамыз 1974 жыл.

Юрий Гагарин (сол жақта) алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешковамен әңгімелесіп тұр. 1963 жыл.

Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жыл 2 қазанда Александр Волков және австриялық Франц Фибекпен бірге Союз ТМ-13 кемесінде ғарышқа ұшып, бір апта бойы "Мир" орбиталық станциясында жұмыс істеді.

Алғашқы ғарыштық турист Денис Тито (сол жақта) және қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштан қонған сәтінде. Арқалық. 6 мамыр 2001 жыл.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына Байқоңыр ғарыш айлағынан 2 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында ұшты. Онымен бірге ғарышқа Ресей ғарышкері Сергей Волков пен астронавт Андреас Могенсен аттанды.

Ресми деректерге қарағанда, ғарышта сегіз күн болған Айымбетов 10 тәжірибе сынағын жүргізген. Оның ішінде ғарыш мониторингі, ғарыш сапарының экипажға әсері және физикалық-техникалық эксперименттер болған. Ресеймен арадағы келісім бойынша, Айымбетовті ғарышқа ұшыру үшін Қазақстан 20 миллион доллар төлеген.

2013 жылы 2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағында құлап, жарылды. Сол жылы 22 қараша күні Қазақстанның қоршаған орта мен су ресурстарын қорғау министрлігі Ресейден экологиялық зиян үшін 89 миллион доллар өтемақы талап еткенін мәлімдеді. Ресей оны әлі өтемеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1098787-gharysh-salasynda-tarikhi-manhyzgha-ie-18-fot/