Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығы 3,5 млрд теңгеге сатылып кетті

Опубликовано:

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығы аукционда 3 миллиард 403 миллион 500 мың теңгеге сатылды. Сауда бүгін, 12 сәуірде аяқталды. Барлығы екі өтінім келіп түскен, деп хабарлайды BNews.kz.

Электрондық тендердің аяқталғаны жөнінде ақпарат gosreestr.kz. сайтында жарияланды. Айта кетейік, лоттың бастапқы бағасы 3 миллиард 403 миллион 306 мың 144 теңгені құраған болатын. Ойын-сауық орталығының жалпы аумағы 29 мың шаршы метрден асады. Саудаға қатысушылар үшін кепілдік жарна 63 милион 630 мың теңге болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін агенттік хабарлағандай, сатушының талаптары бойынша сатып алушы нысанның профильдік қызметін кемінде 10 жыл сақтауы тиіс. Сондай-ақ мұхитаралы мен «Джунгли» аттракционының жұмысы қамтамасыз етіліп, мұхитаралындағы тропикалық (Амазонка, Оңтүстік-Шығыс Азия және т.б. бассейндерден әкелінген акулалар) және жергілікті балық түрлері сақталуы тиіс.

Сатып алушының міндетті түрде ветеринарлары, ихтиологтары мен сүңгуір қызметі болуы талап етілді. Сондай-ақ, жаңа қожайын  «Думан» ойын-сауық орталығын жаңғыртып, ғимаратқа жөндеу жүргізіп, балаларға арналған аттракцион орнатуы тиіс.

2003 жылы ашылған «Думан» ойын-сауық орталығында мұхитаралы, «Джунгли» аниматроникстер театры, 5D кинотеатры, кәдесыйлар дүкені, экзотариум-зообақ бар.

Ойын-сауық орталығы Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының меншігінде болып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1099275-astanadaghy-duman-oyyn-sauyq-ortaly/

pixel