Елбасы Маралтай ақынның өлеңінен "Нұр аға" сөзін алып тастауды өтінді
Жарияланған күні:
Бүгін Астанада өткен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында ақын Маралтай Райымбекұлы «Мәңгілік ел» өлеңін оқып берді деп хабарлайды Baq.kz.
Көк түріктердің бүгінгі ұрпағы тарих сахнасында көп ұлысты бауырына басқан дара болмысты мемлекет ретінде белгілі. Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай отырып, бабалар аманатын орындауға, елбасы көрсеткен «Нұрлы Жолмен» Ұлы Дала елінің болашағына болыса береміз. Ата-бабаларымыздың рухы қолдап, елбасымыздың жүрегін тербеткен Мәңгілік Елдің бақыты тарқамасын. Сонау ғұн менен сақ, Көк түріктен беріде, қазақ баласына бүкіл әлем төріне қару емес, ақылымен жол ашқан осы Нұрсұлтан Назарбаев қана!
Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолға бастады.
Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың
Бар әлемге мойындатар қуатын.
Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.
Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.
Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы бабамның.
Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.
Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.
Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.
Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау.
Мәңгілік Ел – маңдай тері халықтың.
Мәңгілік Ел – нұрлы үміт, жарық күн.
Мәңгілік Ел – із қалдыру мәңгіге.
Мәңгілік Ел – таусылмайтын әңгіме.
Мәңгілік Ел – бейбіт өмір әуені.
Мәңгілік Ел – Ел Анамдай әдемі.
Мәңгілік Ел – Тәуелсіздік тірегі.
Мәңгілік Ел – ұлт пен ұлыс тілегі.
Мәңгілік Ел – Нұрағамның ділі еді.
Нұрағамды бүкіл әлем біледі!
Қазақ деген Көк түріктің ұлы елі.
Нұрағамның нұр жолымен жүреді!!!
«Жарайсың, Маралтай, аман бол! Қатырдың бұл жолы. Мынаны газетке берейік. Бірақ Нұр аға дегенді алып тастайық», - деді Назарбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1113136-elbasy-maraltay-aqynnynh-olenhinen-nur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.