Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да үстінен іс қозғалған депутат ақталып шықты

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслиxатының депутаты болып сайланып, бірақ көп ұзамай үстінен қылмыстық іс қозғалған Амангелді Сопбеков депутаттық мандатын әрмен қарай жалғастыра бермек.

Себебі оның үстінен қозғалған іс тоқтатылды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

№50 сайлау округі бойынша бағын сынаған Сопбеков саяси дода қорытындысы бойынша 20408 дауыстың 9855-сіне ие болып, жеңіске жеткен болатын. Алайда сайлау кезінде депутаттың үстінен Шардара ауданының жергілікті азаматы шағым түсірген еді.

Тұрғын өз арызында депутаттықтан үміткер Сопбеков заңсыз әрекет жасады деп көрсеткен. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары нәтижесінде Амангелді Сопбековтің әрекетінде қылмыстың болмағаны анықталып, іс тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1114220-oqo-da-ustinen-qozghalghan-deputat-aq/

pixel