Жер қалай және қаншаға сатылады?
Жарияланған күні:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерлерді нарықтық айналымға шығаруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.
Осы орайда Baq.kz жер кодексіне қатысты негізгі бес сұраққа жауап іздеп көрді.
Жер қалай сатылады?
Учаске аукционға құнын көтеру әдісімен екі рет шығарылады. Егер осы уақыт ішінде сатып алушы табылмаса, бағасы 50 пайызға төмендейді. Егер бұл жағдайда да сатып алғысы келетіндер болмаса, учаске аукционнан алынып тасталады. Аукциондар мәмілелерді ашықтығы үшін енгізіледі. Оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекет бюджетті жерді сату есебінен толықтырады ма?
Біріншіден, мемлекеттің ауыл шарушашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатуынан түсетін қаражаттар бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады.
Екіншіден, жерді сатудан кіріс алу мемлекеттің мақсаты емес. Негізгі идея – жерді экономикалық айналымға тарту.
49 жылға жалға берілген жер учаскелерінің жағдайы қалай болмақ?
Ешкім бұл учаскелерді тартып алмайды. Жерді 49 жылға дейін жалға беру нормасы Жер кодексін қабылдау кезінде, сол 2003 жылы енгізілген болатын. 2006 жылғы 1 шілдеден кейін оларға ешкім тиіспейді. Бұдан басқа жалға алушыларда басым тәртіппен осы учаскелерді сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін әкімдікке өтініш жазу қажет болады. Онда жерді тікелей сату шарты жасалады. Яғни аукционсыз және жалға алушы меншік иесіне айналады. Бұл ретте жер учаскесінің құны 50 пайызға төмендейді. Бұдан басқа жалға алушы учаскені 10 жылға дейін ұзартып сатып ала алады.
Шетелдіктердің жерді сатып алуына болады ма?
Жер кодексінің 24-бабына сәйкес шетелдіктерге және шетелдік компанияларға меншік құқығында Қазақстан жерін иеленуге тыйым салынған.
Шетелдіктер жерді сатып алмайтын болса, басқа не істейді?
2001 жылдан бастап шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 10 жылға жалға берілген. 2011 жылдан бастап, шетелдіктер және жарғылық капиталында шетелдіктер үлесі елу пайыздан артық болатын болса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тек жалға алу құқығында 10 жылға дейінгі мерзімде пайдалана алады.
Ал 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл мерзім 25 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл ауыл шаруашылығының төмен рентабельділігіне және үлкен инвестициялар қажет етуіне байланысты. Сондықтан олардың қайтарылымдығы ұзақ, орташа есеппен 10-15 жылдарға дейін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1117774-zher-qalay-zhane-qanshagha-satylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.