Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев қазақша сөйлеген қара нәсілді азаматқа тәнті болды

Жарияланған күні:

Қазақстандық қара нәсілді әнші әрі домбырашы Даниэль Джеймс Нұрсұлтан Назарбаевты қазақ тілін еркін меңгергендігімен таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Астанада өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясынан видео Mordvin Mordvinov атты қолданушының YouTube парақшасына жүктелген. Онда қара нәсілді азамат президенттің алдында сөз сөйлейді.

"Менің әкем - нигериялық, анам - орыс. Қазақстанда бес жасымнан тұрамын. Мен Қазақстан азаматымын" деп сөзін бастаған Даниельге президентіміз елімізде өз ұрпағын өрбітуге кеңес берді.

"Қазақта қара деген сөз қасиетті ұғымды білдіреді. Төбеде көк аспан, төменде қара жер болса, соның үстінде бейбітшілік пен татулықтың қара шаңырағы Қазақстан бар", - деп сөзді бастаған Даниельге президент "сен онша қара емессің, қазақтың қара балаларына ұқсайсың" деп әзілдеп үлгерді.

Оған жауап ретінде Даниель қазақтың күйеубаласы екенін, әйелі қазақ екенін айтып ағынан жарылды.

"Менің сұрағым келгені, егер нигериялықтың өзі осылай қазақ тілін еркін меңгерген болса, қандай қиындықтар бар? Аздап еңбектену керек. Солай ғой?", - деп Даниельге сұрақ қойды президент.

"Әрине", - деп жауап қатқан қара нәсілді азамат өзінің домбыра тартып, ән айтатын өнер адамы екенін алға тартты.

Президент сөз соңында Даниельдің қазақ ұлттық киімін кигеніне де баса назар аударды.

"Біздің ұлттық киіміміз басқаларға бізден гөрі көп ұнайды осы. Өзіміздің жастарымыз киіп жүруге болады ғой", - деп түйді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1118178-nursultan-nazarbaev-qazaqsha-soylege/