Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

Опубликовано:

Өмір бойы жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды. Дүйім жұртты елең еткізіп, көпшіліктің талқысына түскен бұл мәселеге нүкте қойылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Түркістандағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде ем қабылдаған қыздың дені сау екендігі дәлелденіп, сот шешімі шықты.

Бұл мәселені алғаш көтерген шымкенттік журналист Гүлжан Байназарованың айтуынша, соттың соңғы отырысы өтті. Дәрігерлер берген тұжырымдамаға толық көз жеткізуді көздеген Түркістан қалалық сотының судьясы Дина Бейсенбекова қайтадан сот сараптамасын жасатты.

Нәтижесінде, шымкенттік мамандар өздері қойған ұйғарымын жоққа шығарып, қыздың дені сау екенін мойындаған. Сот сараптамасына жүгінген судья бойжеткенді өз іс-әрекетіне қабілетті деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енген соң бойжеткен Маржан Тұрлыбаева жындыханадан шығарылады. Алайда, оның әзірге қайда барары белгісіз.

Журналистің сөзіне сенсек, ел ішінде қызу талқыланған бұл іс барысында Маржанның әкесімін деп Ермек Мадуарбекұлы есімді азамат құқық қорғау органдарына арызданып, ДНК сараптасын тағайындауды сұранған.

"Енді сараптама оң нәтиже шығарса, әкелік құқығымды орындауға әзірмін", - дейді өзін Маржанның әкесімін деп таныстырған азамат.

Айта кетейік, өткен жылдың жазында Түркістандағы психоневрологиялық мекемесіне өмір бойына тоғытылған Маржан Тұрлыбаева жұртшылықтан көмек сұраған болатын. Алайда сараптама нәтижесі бұрмаланып, оған республикалық деңгейдегі мамандар білек сыбана кірісті.

Нәтижесінде, алматылық мамандар бойжеткеннің дені сау және қоғамға қауіпсіз екені туралы қорытынды шығарды. Алайда түркістандық мамандар қызды ол мекемеден шығаруға асықпады.

Сөйтіп тағы да сараптама тағайындалып, сегіз жылын жындыханада өткізген Маржанның ақыл - есі дұрыс және өз сөзіне жауап бере алатыны, әрекетке қабілеттілігі  дәлелденді.

Маржан Тұрлыбаеваның тағдырын шешетін сараптама тағы да Шымкентте жасалады

Жазықсыз жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева жүрек тебірентер хат жолдады

Өмір бойына жындыханаға тоғытылған Маржан Тұрлыбаеваның есі дұрыс болып шықты

Талғат Жорабаев ОҚО-да жындыханаға жабылған қызбен жүздесіп қайтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1126221-omir-boyyna-zhyndykhanagha-zhabylghan-mar/

pixel