Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық еркектер өзінің бала туғызуға қабілетсіздігін мойындағысы келмейді

Опубликовано:

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы бір жылда бала сүйе алмайды. Ал олардың ішінде 20 пайыздайында нақты аурулар анықталады екен деп хабарлайды 31 арна.

Дәрігерлер мұндай жағымсыз көрсеткішке азаматтардың өз денсаулығына деген немқұрайлы қарауы себеп деп отыр. Оның үстіне үйленер алдында дәрігерге қаралу былай тұрсын, қойылған диагнозбен келіспейтіндер де бар дейді. Әсіресе өзінің бала туғызу қабілетсіздігін мойындағысы келмейтін - еркектер екен.

Урологиялық сырқаттар салдарынан отбасының балалы бола алмау мәселесі әлем халқының бестен бірін мазалайды. Қазақстанда да осы деңгейде екен. Бұл көрсеткіш жыл санап өспесе де, кемімей отыр. Дәрігерлер мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жауапкершілікті тең бөлісуі керек дейді. Өйткені, көп жағдайда еркектер бала сүйе алмауына өзін кінәлі санағысы келмейді екен.

"Қабілетсіздігін жиі мойындамайды. Өйткені бұл интимдік сұрақ. Оны көрінгенге айта бермейді, ұялады көбісі. Сондықтан кейбір мәселелер ұялмай, дер кезінде емделіп, қаралып тұрса көп мәселелерді шешуге болады. Еркектің бедеулігі дейді. 1 жыл отасқаннан кейін бала болмаса бедеулік дейді. Одан кейін қарала бастайды", - дейді Уролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ерсайын Жиенбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, отау құрған жас отбасылардың 50 пайызы алғашқы 1 жылда осындай проблемаға ұрынады.

Мамандар, ер азаматтардың мұндай қылығын менталитеттен болуы мүмкін дейді. Тіпті, өз кінәсін мойындай алмай басқа әйелмен отау құратындардың көп екені де жасырын емес деп отыр. Психолог Лимана Қойшиева да бала көтере алмау мәселесімен жүгінетіндер жиілеп кеткенін айтады.

"Келіншектер келіп, өздері жылап "сіз айтсаңыз мүмкін түсінер, астарлап айтыңыз, мүмкін түсіндірерсіз, сізге құлақ қояр" деген сияқты жайттармен жолдастарын алып келіп жатқан жағдайлар болды. Барымызша түсіндіреміз. Құлақ тіпті аспайтындар болады. Неге бірге жүріп емделмеске? Жасыратын, ұялатын ештеңесі жоқ ол жерде", - дейді психолог Лимана Қойшиева.

Өзекті болып отырған мәселе бойынша жиналған уролог-дәрігерлер еркек қабілетсіздігінің алдын алу жолдарын талқылады. Бұл жолы марал мүйізінің пайдасы туралы да әңгіме қозғады.

Дәрігерлер кеңседе ұзақ отырып жұмыс істейтін азаматтарға белсенді спортпен шұғылдануға кеңес береді. Сарапшылардың пікірі ортақ - дені сау ұрпақ үшін отбасын құрмай тұрып денсаулығыңызды тексерткен абзал.

Тағы оқыңыз:

Оралда ер адам қайырымды жандардың арқасында науқас қызын құтқарып қалды

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1145815-qazaqstandyq-erkekter-ozininh-bala-tu/

pixel