Алматыда балаларға арналған ойын-сауықтың құны жазғы демалыс кезінде қанша тұрады?

Опубликовано:

Жазғы демалыс кезінде Алматыда балаларға арналған ойын-сауық құны 200 бен 35 мың теңгенің аралығында құбылып тұр деп хабарлайды ҚазТАГ.

Сонымен қала саябақтарындағы аттракциондар құны 200 -1500 мың теңге аралығында. Мәселен, «Көк-Төбе» паркіндегі бағалар 500 -1500 мың теңге аралығында, орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Family саябағында әткеншектер билеті 200-700 мың теңге аралығында. Сонымен қатар «Айя» саябағында бойы 90 см дейінгі балалар үшін кіру тегін, ал бойы 90-130 см аралығындағылар үшін 2 мың теңге, 130 см жоғарыларға 3,3 мың теңге тұрады.

Сондай-ақ каникул кезінде оқушылар қалалық аквапарктерге де бара алады. Жұмыс күндері балалар билетінің ең жоғарысы Орталық мәдениет және демалыс саябағында – 3300, ең арзан билет –Family аумағындағы аквапаркте 1 маусым күні - 2500 мың теңге болады. Демалыс күндері ең қымбат билет жыл бойғы Hawaii аквапаркінде - 4100 теңге, ал ең арзаны Family саябағында – 3 мың теңге.

Оған қоса демалушылар «Көк-Төбедегі» балалар алаңына, арқан саябағы мен скалодромға бара алады, олардың құны балалар үшін сәйкесінше, 2 мың теңген, 700 және 1 мың теңге. Бұл жерде арқан жолы арқылы саябаққа дейін баратын жолды ескеру керек: бір бағытқа билет құны - 1 мың теңге немесе екі бағытқа да парктің шағын автобусымен 500 теңгеге баруға болады.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондардан басқа, балалар жұмыс күндері 800 теңгеге динозаврлар саябағына, 2-5 мың теңгеге дельфинарийге бара алады, ал демалыс күндері олардың бағасы 3-5 мың теңге болады, бағалары көрермендер залындағы қатарларға байланысты. Сонымен қатар дельфинмен бірге жүзу мүмкіндігі де қарастырылған. Оның бағасы 20 мың (5 мин) және 35 мың (10 минут) теңге.

Алматыдағы зоопаркте 5-12 жастағылар үшін билет құны 200 теңге, одан үлкендерге 700 теңге, 5 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.

Айта кету керек, «Шымбұлақ» тау курортының аумағында жаз мезгілінде балалар үшін «Чимба» тау клубы мен арқан паркі жұмыс жасайды. Алайда жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне орай аталмыш курорт 1 шілдеге дейін жабық.

Тағы оқыңыз:

Маусым айында суықтықтың үш толқыны күтіледі

Қарағандылық зейнеткер «Беларусь не Ресейдегідей» өмір сүргісі келеді

Шымкентте 37 жастағы педофил екі кішкентай қыз баланы зорламақ болды

Оралда ер адам қайырымды жандардың арқасында науқас қызын құтқарып қалды

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1146095-zhazghy-demalys-kezinde-almatyda-balal/