Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-да он бір оқушы 125 ұпай жинады

Опубликовано:

2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 42186, орыс тілінде – 16157 бітіруші.   Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Тестілеу үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады.

Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: - ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 13 бітіруші; - емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші; - сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады.

Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1150571-ubt-da-bir-oqushy-125-upay-zhinady/

pixel