Қарағандыда 13 жастағы қыз бала өзінің немере ағасынан жүкті болып қалды

Опубликовано:

17 жастағы Қарағанды тұрғыны 13 жастағы немере қарындасымен сан рет жыныстық қатынасқа түсіп, оны жүкті еткені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, сотталушы қарындасымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Бұл көбіне туған әжесінің үйінде болған. Әжесі туысқандар арасында мұндай қарым-қатынас пайда болғанын аңдамаған.

Қыз баланың ата-анасы бұл туралы қызы жүкті болып қалған кезде бір-ақ білген. Бүгінде жеткіншек жүктіліктің тоғызынша айына жеткен және жақын арада босануы тиіс.

Ал 17 жастағы жігіт қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша "Бірнеше рет қыз баланы зорлағаны" үшін жауапкершілікке тартылуда. Бұл іс алқабилердің қатысуымен қарастырылуда.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде түннен бері арнайы операция өтіп жатыр (фото, видео)

Ақтөбедегі лаңкестің әйелі: Біз ешкімнің алдында ақталмаймыз, Алла бәрін көріп тұр

Ақтөбелік ағайындылардың бірі лаңкестер тізіміне, екіншісі қаза болғандар қатарына еніп кеткен

Ақтөбедегі терактіден жарақат алған он жеті адам ауруханада жатыр

Ақтөбеде мектеп бітіруші түлектердің кеші кейінге шегерілмейтін болды

Қорасына лаңкес қонып шыққан қобдалық тұрғын әлі есін жия алмай отыр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1156204-qaraghandyda-13-zhastaghy-qyz-bala-ozininh-n/