Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салафизм ағымының "байсалды" түрін ұстанатындарды қалай ажыратуға болады?

Опубликовано:

Ақтөбеде өз бауырына оқ атып, өз отанын басып алғысы келгендердің ұстанымы қандай? Салафизм ағымы, салафиттер, олар кім? Арамызда еркін жүрген салафит ағымының "байсалды" түрінен кімге, қандай қауіп бар?

Бұл сауалдарға сауатты жауап алу үшін, 31 арна арнайы мамандарға жүгінді.

"Саләфилер білесіздер үш топқа бөлінеді. Матхали, сурули және тәкфир дейді. Матхалилер бүкіл дәстүрге қарама қайшы. Бұлар өзін байсалды қып көрсеткісі келеді. Бірақ елбасыға мойынсұнамыз дейді, бірақ имам, елбасыдан кейінгі министрлерді, әкімдердің біреуін мойындамайды", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов.

"Матхалидің ертең-ақ тәкфир болып кетуіне ешкім кепіл бере алмайды" - деген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Сансызбай Шоқанов. Мұндағы мәтхали деп отырғаны - салафизм ағымының - байсалды аталатын тобы, ал, тәкфир - радикалды түрі. Ғалым, елдегі салафилерді байсалды және радикалды деп бөліп, алғашқыларын қолдау бағытын ұстанатынымыздың өзі қателік дейді. Себебі, жуас қасқыр болмайды, ол ашуланған күні қаруға жүгіруі мүмкін" - деген ғалым, көрші елдердегідей мүлдем бұл ағымға тыйым салынуы тиіс деген пікірде.

"Бұларды қамау жөніндегі заң болмаса, милицияны қанша көбейткенмен, оны ешқандай пайдасы болмайды. Өзбекстанда да, Тәжікстанда да оған тыйым салынған", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов.

«Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Нұр Мүбарак» Мысыр Ислам университетінің доценті, теолог ғалым Алау Әділбаев та еліміздегі салафизм ағымына кеш болмай тұрғанда, түбегейлі тыйым салу керек деген пікірде.

"Бұл байсалдысы болсын, радикал болсын, идеологиялық саяси платформалары бір болғандықтан, оларды байсалды, радикалды деп бөлмеу керек. Екеуін бір категорияда қарастыра отырып, еліміздің, ұлтымыздың, дініміздің тұрақтылығына зиян тигізетін ағым екенін нақты белгілеп алуымыз керек", - дейді «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алау Әділбаев.

Өйткені, олардан кез-келген уақытта радикалды ағымның шығуы әп-сәттік мәселе. Себебі, олардың пайдаланатын әдебиеттері мен өз тілдерімен айтқанда, тыңдайтын ұстаздары бір діни қайнардан сусындайды" - дейді ғалым. "Либералдық саясатымыздың нәтижесінде біз көп жағдайда ағартушылық бағытын ұстандық. Тыйым салу бағытын ұстанбадық. Бірақ енді заңды шұғыл күшейтетін кез-келді дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі.

"Ағартушылық бағытпен шешілмейтінін түсіндік. Мұның заңдық, әрі ағартушылық тетіктерін табу керек екендігі барлығымыздың болашақтың алдындағы үлкен міндет болып есептеледі", - дейді Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алау Әділбаев.

Ал, "Салафизм, вахабизм, тәкфіршілік бізге жат деген мазмұндағы ресми пәтуа бар ма деген сауалымызға қос ғалымның жауабы былай өрбіді.

"Жалпы ресми пәтуа болмағанымен, біздің заңымызда ханафи мәзхабының көрсетілуі және 2012 жылы елбасының өзі астын сызып тұрып, біз ханафимыз, соның ішінде суниттерміз деп айтуы, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының саяси тұғырнамасында, платформасының өзінде шариғат мәселелерінде ханафи мәзхабын басшылыққа алатыны ашық жазылған", - дейді Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алау Әділбаев.

Яғни, ресми пәтуа жоқ. Бірақ ғұламалар кеңесінің мүшелері Ақтөбедегі жағдайдан соң, ағымға тыйым салатын құжатты әзірлеп жатқанын айтты.

"Пәтуаны біз дайындадық. Ол шығады, ислам өзі төрт мәсхаб, одан өзге ағымдарының бәрі ешқандай жақсылық әкелмейді", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов.

Ал, ғалымдар қауіп көріп отырған салафизм ағымының байсалды түрін ұстанатындарды қалай ажыратамыз? Көшеде көрсек, танимыз ба деген сауалымызға, ғалым Сансызбай Шоқанов, танымайсыз деп жауап берді. Мамандардың оларды қалай ажырата алатынын былай түсіндірді.

"Имам құран оқып отырғанда, орнынан тұрып кетеді. Тәкфир болғандары мешітке де жоламайды", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов.

"30 пайызынан астамы басқа ағым өкілдері. Имамдарға құрметпен қарайды, уағыздарын тыңдаған ұқсап отырады. Негізгі идеологиялық күшті, бағытты интернет арқылы басқа шейхтар мен сырттағы теологтардан алады", - дейді ҚМДБ наиб-муфтиі Серікбай Ораз.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері болса, салафизм ағымына түбегейлі тыйым салатын заң талабын - заңға енгізілетін өзгерістен көрсек деген үмітте. Өйткені, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жекелеп кіре бастаған кейбір діни-сенімдер бүгінде үлкен күшке айналып келе жатыр. Сол себепті, қауіптің алдын-алу шаралары заңмен реттелсе дейді.

Тағы оқыңыздар:

Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Қазақстандық ауыр атлеттердің Олимпиада да ұтып алған алтындары ресейліктерге берілуі мүмкін

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды (фото)

Сенатор жат ағымды дәріптейтіндердің телеарналарда жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Дәрігер Баян Есентаева туралы: Дәл мұндай жарақатты рухы мықты адам ғана жеңе алады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1162951-salafizm-aghymynynh-baysaldy-turin-ust/

pixel