Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда із-түссіз жоғалған жігіттің қайда екенін АҚШ-тағы көріпкел айтып берді

Опубликовано:

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржан Нұрмұхамбетовты АҚШ-тағы бақсының көмегімен іздестіріп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еріктілердің айтуынша, жігітті осыдан бірнеше күн бұрын Павлодар ауданы Мичурин мен Сычевка ауылдарынан іздеген.

"Бауыржанның қай жерде жүргені жайлы бізге АҚШ-тағы бақсы баяндап берді. Штаттарда тұратын павлодарлық еріктіні тауып алдық. Ол қосымша ақпарат алу үшін бақсының көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда көріпкел айтқан жерлерде Бауыржанды іздестіріп жатырмыз. Әзірге дәл қай жерде жүргенімізді айта алмаймыз", - деді ерікті.

Естеріңізге сала кетсек, 20-жастағы жігітті іздестіруге еріктілер мен полиция қызметкерлерінен басқа, қазақстандық көріпкелдер де қосылған болатын.

Олардың айтуынша, Бауыржанды Павлодар облысының Качир ауданы мен Астана қаласы маңынан іздестіріп келген, бірақ әлі де еш нәтиже жоқ. Осыдан екі апта бұрын Бауыржанның ата-анасы бейнехабарлама жолдаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Бірін бірі жеті жыл күткен тараздық жас жұбайлар темір торда үйленді

Алматы облысында «көбелек» синдромы меңдеген бөбектің жағдайы қайта ушыға бастады

Ақтөбеде тепловоз машинисі "Палладаның" алдында "жиһад" жасау ойынан айнып қалған

Желіде ислам тақырыбындағы роликті «ұнайды» деп белгілеген павлодарлық рэпер тұтқындалды

Португалия құрамасы ЕУРО-2016-ның финалына шықты (видео)

Айсұлтан Назарбаев қызына қандай есім бергенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1182183-pavlodarda-iz-tussiz-zhoghalghan-zhigitt/

pixel