RU

Ринат Зайытов өзі бас жүлде алған айтыста "Нұр Отанға" жыр шумағын арнады

Астананың туған күнінеұйымдастырылған ақындар айтысын қорытындылаған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының ақындармен бірге жұмыс істейтінін, шындықты айтып, ел бастаудың қиын екенін айтты.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

«Партияның да 16 жылын тойлап жатырмыз. Біз жас партиямыз. Тәуелсіз еліміз сияқты көпшіліктің, халықтың партиясы. Сондықтан біз қандай жағдайда болсын халықпен біргеміз. Айтыскерлер керемет жақсы өнер көрсетті. Енді билікте болған соң біздің негізгі мақсатымыз - жауапкершілікті алу. Тәуелсіздік жылдары халыққа шындықты айтып, ел бастау қиын болды. Бірақ шыдау керек. Бірлік, келісім, тұрақтылық өзімен өзі келе бермейді. Ол үшін ел бірге болып, билікті қолдау керек», - деді Бауыржан Байбек ақындар айтысында сөйлеген сөзінде.

Байбек ақындар айтысына соншалықты риза болып, олардың барлық ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

«Елбасымыз бірінші жылдардан бастап мәдениетіміз, дініміз, тіліміз деп айтып келеді. Осындай саясаттың арқасында біздің экономикамыз дамып, сол қаражаттың арқасында айтыс өнерін көтеріп жатырмыз. Сондықтан да ағайын, бірлік, тұрақтылық, келісім болса біздің еліміз керемет жетістікке жетеді. Біз мына «Нұр Отан» партиясының ағалары келіп, айтыста айтқан мәселелерді шешуге тырысамыз. Халық үшін, мемлекет үшін», - деді Байбек.

Астана күніне арналған айтыста соңғы кездері шеткері қалып жүрген Ринат Зайытов бас жүлдені иемденіп, билік партиясына бір шумақ арнады.

«Қуантып, қаумалаған қарашаны,

Екі күн жасай білдік тамашаны.

Биліктегі ағалар беттен алмай,

Сөзімізді тыңдай білсе жарасады.

Ақындар мен «Нұр Отан» бірге болса,

Қазақтың жаман болмас болашағы», - деді Ринат Зайытов.

Еске сала кетейік, аталған айтыс кезінде адуынды ақын Айбек Қалиев "Жерді сатпай, мені сат!" деп жанайқайын білдірген болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Білім министрлігі еліміздегі жетім балаларды "топас", "еріншек", "басы істемейді" деп сипаттаған

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Еуро-2016: Португалия тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды (видео)

Айдос Сарым Инвестициялар және даму вице-министрінің халықтан кешірім сұрауын талап етті (видео)

Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырды деп айыпталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Нұротандықтар депутаттарға ілесе алмай қалған тілшіні «бастығыңа айтамын» деп қорқытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1185521-rinat-zayytov-ozi-bas-zhulde-alghan-ayty/