Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды
Жарияланған күні:

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін ұсынады деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.
Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рейтингі тізімінде еліміздің тек 52 оқу орны көрсетілген. Олар 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық ресурстың 70 максималды баллының 33%-дан төмен емес балл алған ЖОО. Сондықтан көпбейінді ЖОО санатында тек 18 оқу орны; техникалық – 13; гуманитарлық-экономикалық – 12; өнер ЖОО – 1; медициналық – 3; педагогикалық – 5 оқу орны көрсетілген.
Рейтингтің барлық үш сауалдамасы бойынша интеграцияланған нәтижелер газетте жарияланған, ал рейтингтің әр сауалнамасы және әр индикаторы бойынша нәтижелер агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.
Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытындысы бойынша биылғы жылы да біріншілік қатарын жетекші ұлттық университеттер сақтаған: Бірінші орынды бөліскен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Көпбейінді ЖОО бірінші бестігіне, алдыңғы жылдардағыдай М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (3-ші орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (4-ші орын), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (5-ші орын) енді. Техникалық ЖОО тобында бірінші орында бірнеше жыл бойы Қазақстан-Британ техникалық университеті, одан кейін екінші орында – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, үшінші орында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті тұр.
Үздік техникалық ЖОО бестігіне Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және Алматы технологиялық университеті енді. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 8-ші орыннан 6-шы орынға, академиялық ресурстар бойынша үшінші орынға көтерілді.
Гуманитарлық-экономикалық ЖОО тобында бірінші орынды тұрақты ҚМЭБИ университеті алса, екінші орынды Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, үшінші орынды Алматы менеджмент университеті (бұрынғы –ХБА) алды, бұл бағыттағы жетекші ЖОО бестігіне «Нархоз» Университет және «Тұран» университеті енді.
Шығармашылық бағыттағы ЖОО ішінде Қазақ ұлттық өнер университетіне бәсекелестік болған жоқ.
Медицина ЖОО ішінде бірнеше жыл бойы жетекші бірінші орында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2-ші орында Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, үшінші орында Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясы орналасқан.
Педагогикалық ЖОО бағыты бойынша педагогикалық білім берудің көшбасшысы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болса, екінші орында – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, одан кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты және Тараз мемлекеттік педагогикалық институты тұр. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты сенімді жұмыс жасау арқасында академиялық ресурс бойынша екінші орын алды.
Тағы оқыңыздар:
Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді
Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды
Қазақ азаматы он жыл жазықсыз түрмеде отырғаны үшін Ресейден $8000 өндіріп алды
Алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шықты
"Еуразия бірінші арнасындағы" жер дауына қатысты жалған ақпараттың артында кім тұр?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1187089-qazaqstannynh-uzdik-zhoghary-oqu-orynda/