Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды
Жарияланған күні:
Қызылордалық таксишілердің арасында мерез ауруын жұқтырғандар көп деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
Қызылорда облысы мерез ауруы бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда тұр. Қазақы қаймағы бұзылмаған өңірге бұл жат жағдай. Дегенмен, атынан адам ұялатын ауруға шалдығушылар арасында ересек адамдар көптеп кездесуде. Осы орайда, қызылордалық мамандар профилактикалық іс-шараларды жиі ұйымдастырып, дерттің алдын-алу бағытында жұмыс жасап келеді.
Мерез ауруы жыныстық қатынас арқылы жұғатыны белгілі. Сақтанбай, бейтаныс адаммен төсектес болу қауіпті. Алайда, осы сақтық шараларын ескермейтіндер жетерлік. Кейіннен сан-соғып, дәрігер жағалап кетуге мәжбүр болып жатады. Мерез ауруы жеңіл жүрісті қыздар жиі ауыратын дерт. Соңғы уақытта бұл дерт қызылордалық таксишілердің арасында да көптеп кездесіп жүр.
Қызылорда қаласының тұрғыны Арманның жасы 23-те. Бірнеше жылдан бері жеке көлігімен нәпақасын тауып жүр. Осыдан біршама уақыт бұрын облыстық тері – венерологиялық ауруханасына жатып, ем алып шықты. Бәріне кездейсоқ болған жыныстық қатынас себепші.
«Түн мезгілінде бір бойжеткенді айтқан мекен-жайына жеткізіп тастағанмын. Алдын-ала ақшасына да келіскенбіз. Межелі жерге жеткенімізде ақшасы жоқ екенін айтты. Есесіне, «басқаша» жолмен жол ақысын төлеймін деді. Мен қуана келісе кеткенмін. Әлі күнге дейін қатты өкінемін», - дейді жас жігіт.
Бейресми мәлімет бойынша, мерез ауруына таксишілер мен алыс сапарға жолға шығатын жүргізушілер көп шалдығады екен. Осы орайда, мамандар аяқ астынан болатын жыныстық қатынастардан аулақ жүруге кеңес береді.
Тағы да оқыңыздар:
Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)
Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін
Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды
Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды
Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1213480-zholaushy-qyzben-tosektes-bolghan-qyzyl/