Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік емші алдына келген науқастарға жыланның етін қайнатып берді

Опубликовано:

Шымкентте науқастарды жыланның сорпасымен емдейтін тұрғынның барын көп ешкім біле бермейді деп жазады Замана газеті.

Амалбек Серқұловтың адам емдеудегі тәсілі өзгелерден ерек. Ол алдына келген науқасты бірнеше сатыдан тұратын өзіндік ем түрлерімен емдейді. Араға шақтырады, жылан мен кірпі етінен сорпа әзірлеп береді. Фито және физиотерапиясы да бар. Сондай-ақ сүлік те сала біледі, қажет десеңіз, бойыңыздағы артық қанды хиджама жасау арқылы алып тастайды.

"Бал арасының уында көптеген ферменттер мен амин қышқылдары бар. Адам ағзасына 24 амин қыш­қылы қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тіршілігінің қызметі үшін аса қажетті. Ісікке қарсы қасиеті бар, әдетте антибиотик дәріні қолдансаң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді бактерияларға қарсы емдік қасиеті жоғары", – дейді Амалбек емші.

Дегенмен емделемін деп ниет еткен жандар шыдамды болғаны абзал. Сондай-ақ емді аз-аздан бастаған жөн, яғни шағатын араның санын да біртіндеп көбейткен дұрыс. Әйтпесе ем екен деп бірден көп араға таланған адамның жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін.

Амалбек емшінің емдеу тәсілінің екінші сатысы – жылан және кірпі етінен жасалған сорпа. Бұл сорпа ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді, қанды сұйылтатын қасиеті бар екен. Тіпті алғашқы кезеңдегі рак ауруын емдеуге де болады екен. Ал оны дайындау тәсілі айтарлықтай қиын емес.

Әуелі жыланның басын кесіп, ішін тазалайды да, таза сумен жуады. Сосын терісімен бірге қазанға салып қайнатады. Оған тағы кірпі етін де қосуға болады.

«Дайын болған сорпаны біз емделушілерге беріп жібереміз. Тоңазытқышта сақтап, керегінше жылытып іше берсе болады. Айтпақшы, біз жылан етінен талқан да жасап береміз. Негізінде жылан етінің қылтығы көп болады, кейбіреулерге бұл ыңғайсыздық тудырған соң оны еттартқыштан өткізіп, кептіріп, талқан етіп беруімізді сұрайды. Оны да сатып алып жат­қандар баршылық. Ал сорпаның бағасына келер болсақ, ол қазанға түскен жыланның көлеміне байланыс­ты. Мал сияқты олардың да бағасы әртүрлі, семізі, арығы бар, жазда жер бетіне шыққаны арзанырақ, қыста қымбатырақ болады. Емделушілер бір жыланды шамамен 10 – 15 мың теңгеге сатып алса, содан сорпа әзірлеп бере аламыз", - дейді емші.

Амалбек емші алдына келген нау­қасқа тағайындалған емнің жағатын-жақпайтынын жіті бақылайды, тіпті алдын-ала тексеріп те алады. Тиісті емді содан кейін ғана қолданады екен.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1228402-shymkenttik-emshi-aldyna-kelgen-nauqas/

pixel