Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншек букмекерлік кеңселердің кесірінен күйеуінен үнемі таяқ жейтінін айтады

Опубликовано:

Күйеуін букмекерлік кеңселерден шығара алмаған жас келіншек бұған заңға бағынбаған орындарды кінәлап отыр деп хабарлайды "Қамшы порталы"

"Ата-анасының жалғыз перзенті Русланды ата-әжесі «ертерек шөбере сүйеміз» деп 19 жасында үйлендірген. Ерте үйленген ерке бала осы кезден бастап үйде күтіп отырған келіншегі, жолына қарайлаған ата-әжесі мен әке-шешесі барын ұмытып, букмекерлік кеңселерден шықпайтын болады", - деп жазады басылым.

"Сүйген қызы бар болған соң, біз де ертерек қызықшылық көрейік деп үйлендірдік қой. Ал оған отбасылық өмір емес, бәс тігетін ойындар қызық екенін алдында білмеппіз. Кәдімгідей байланып қалған. Үйге қайтар жолды ұмытады. Қайтерімізді білмейіз", - дейді Русланның анасы.

"Былтыр ғана үйленіп, үй-жай болған Русланның көзі тек букмекерлік кеңселерді, ойын автоматары мен құмар ойындарды ғана көретін жағдайға жеткен. Букмекерлік кеңседе тіккен бәсі сәтсіз шығып, бар ақшасын ұттырған күні ақысын келіншегі Айымнан алады", - деп жалғастырды басылым.

"Руслан көбіне ұтылады. Ұтылған күні мен таяқ жеймін. Көздері қанға толып, қызарып кеп мені ұрады. Бар ақысын менен алады. Қоятын шығар деймін, жас қой деймін. Бірақ мен де біреудің баласымын, мен де жаспын. Неге оның тентектігіне көз жұмып қарай беруім керек. Шаршадым. Осы бәс тігетін ойындары шаршатты. Біз жүріп жүргенде ондайы жоқ еді, кейін бір достар тауып осылай боп кетті. Жұмыстан да шығып қалды. Ұтады, ұтылады. Осыдан ақша тауып, осыған ақша салып жүреді", - деген келіншегі Айым күйеуінің осы жолға түсуіне заңды бұзған букмекерлік кеңселерді де айыптайды.

"Заң бойынша 21 жасқа толмаған адамдарға букмекерлік кеңсеге кіруге болмайды. Бірақ менің күйеуім қазір 20-да, жастайынан букмекерлік кеңселердің тұрақты клиенті. Осыған жол беріп, заң бұзып отырған букмекерлік кеңселер бір жас отбасының шайқауына себеп болатынын ойлап та жатпайды. Оларға ақша болса болды", - дейді келіншек көзінің жасын сүртіп.

"Айта кетейік, заң бойынша расында 21 жасқа дейінгілерге бәс тігуге тыйым салынған. Заң бұзғандарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 338-бабының 2-бөліміне сәйкес 300 айлық есептік көрсеткіш (400 мың теңге) айыппұл салынады.

Өткен жылы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Оның ішінде «Ойын бизнесі» туралы заң қабылданып жатса, букмекерлік кеңселер балабақшалар мен жатақханалардан аулақ салынатынын да айтқан-ды.

Букмекерлік кеңселер осы екінші «Ойын бизнесі» туралы заң жобасында қаралуы тиіс болған. Алайда, қазіргі таңда букмекерлік кеңсені қаланың кез келген жерінен табуға болады. Оны Мәдениет және спорт министірің өзі де растаған еді.

«Қазір букмекерлік кеңселер кез келге жерде ашылып жатыр. Тіпті, балабақша, мектептердің қасынан да, студенттердің жатақханаларына жақын орындарда да, тұрғын үйлердің астынан да ашылып жатыр» деген Мұхамедиұлы  олар білім нысандарының, жатақханалардың жанында емес, жеке ғимараттарда ашылуы керектігін айтқан болатын", - деп түйіндейді басылым.

Тағы оқыңыздар:

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1238379-zhas-kelinshek-bukmekerlik-kenhselerdi/

pixel