Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "оттама" дегені үшін әкімнің орынбасары жауапқа тартылды

Опубликовано:

Ауылдасымен керісіп қалған Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов өзінен үлкен кісіге "оттама" депті.

Сол үшін ол Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жауап берді деп хабарлайды Kerek.Info порталы.

31 тамыз күні облыс әкімдігінде қателікке бой ұрған мемлекеттік қызметкерлердің істері қаралды. Соның ішінде ауылдағы садақа барысында 60 жастан асқан қариямен сөзге келіспей, араздасып қалған аудан әкімнің орынбасары жауапқа тартылды.

"Ол әңгіме шындығында айтылды деп мойындаймын. Ол жерде көп әңгіме айтылды. Бір ескеретін жағдай: менің өзімнің түсінігімше, кешіріңіздер, "оттама" деген сөз қазақта бос, былшылдап, әдепсіз сөйлеген адамға тыйым салу дегенді білдіреді. Арыз жазылғандықтан, мойындаймын. Айтқаныма кешірім сұраймын", - деді Нұрлан Қызбергенов.

"Неліктен солай дегеніңізді түсіндіріп берңізші. Өйткені аяқ астынан айтпайтын шығарсыз. Сізді сондай сөзді айтуға не итермеледі?", – деп облыстық мәслихат депутаты Марат Итеғұлов кінәліге сұрақ қойды.

Нұрлан Қызбергенов нақты әңгімеде не туралы баяндалғанын айтпады. Тек оның жалпы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жала жапқаны жайында сөз қозғады.

"Қазақтың салт-дәстүрінде үлкен адамға "оттама" деген сөзді ешқашан айтпаған. Соңғы заңнамаға сәйкес, бөйтекі сөз үшін мемлекеттік қызметкерді бірден-ақ жұмыстан шығарады. Бірақ сіздің оң сипаттамаңызды, жұмыс тәжірибеңізді, Ырғыз ауданының қоғамдық пікірін, кінәні мойындағаныңызды ескере отырып, сізге қатаң сөгіс жариялаймыз", - деді Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Қайыржан Тоқышев.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Көзбояушылық үшін Сапарбаевты алдаған шенділер қызметінен қуылып жатыр

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1240715-aqtobede-ottama-degeni-ushin-akimninh-o/

pixel