Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)
Жарияланған күні:
18 жастағы бойжеткенді Бахрейнде жезөкшелікке жеккен жеңгетайлар жазасыз қалмайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.
Сексуалдық құлдықта болған қыз қазір қауіпсіз жерге орналастырылып, күдіктілер ұсталған. Отандасымызды тәнін саудалауға итермелеген екі жеңгетайды Бахрейн полициясы тергеп жатыр екен.
Сондықтан кінәлілер анықталмайынша қарағандылық бойжеткен уақытша сол елде бола тұрады. Сондай-ақ, елшілік қызметкерлері Бахрейнде басқа да қазақстандық қыздардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
Сыртқы істер ведомствосының мәліметінше, жыл басынан бері жат елде сексуалдық құлдықта болған сегіз отандасымыз елге қайтарылған. Бір ай бұрын Бахрейнге жұмыс іздеп барған Самал есімді бойжеткен өзінің құлдық қамытын кигенін айтқан болатын.
Оны шетелге құрбысы алдап апарып жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлепті. Ал құлдыққа сатылған бойжеткенді отандық дипломаттар ұялы телефонындағы геолокация жүйесі арқылы тапқан.
"Қыз қазір арнайы қонақүйде. Полиция тиісті шараларды қолданып жатыр. Осы шаралар аяқталғаннан кейін оны Қазақстанға қайтару мәселесі шешіледі", - дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Тағы оқыңыздар:
Демалудың орнына шаршап қайтқан ақтөбелік әйел туристік агенттікті сотқа берді
Мешіттің алдында жартылай жалаңаш билеген әнші кешірім сұрады
Жамбыл облысында «хрусталь бала» жомарт жандардан көмек сұрап отыр
Ақтөбеде туған науқас балаларды әкелері тастап кетіп жатыр (фото)
Әлімханұлы: Олимпиадаға өзбек боксшысын нокаутқа түсірем деп барғанмын
Қанат Ислам жанкүйерлеріне естен кетпес бокс кешін сыйламақ (фото)
Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді
Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1261539-bakhreynde-seks-quldyqqa-satylghan-qar/