Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жарияланған күні:

Парламент cенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы үш ағайындының мал үшін өлтіріліп, олардың балаларының жетім болып қалуын қасірет деп атады.

"Алматы облысында үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды. Бұл қасірет. ІІМ мұқият тергеу жасап, кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін", -деп жазды Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған еді.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған) және Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін олар өлі күйінде табылды.

24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары Алматы облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынған.

Ал бүгін өлтірілген ағайындылар жер қойнына берілді, қаралы жиынға жүздеген адам жиналды.

Тағы оқыңыздар:

Түркіменстан арзан темекінің бір қорабын 17 доллардан сатып жатыр

Үндістер Обамаға өздерінің ұлттық киімін кигізіп қойды (фото)

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1264829-toqaev-almaty-oblysynda-ush-aghayyndyn/