Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық танымал кәсіпкер табысқа жетудің қыр-сырын айтып берді

Опубликовано:

Қуаныш Шонбай – қазақстандық танымал ресторатор, Rumi Group мейрамханалар желісінің иесі. Ол ресейлік Vc.ru сайтына сұхбат беріп, бизнестегі жетістіктерге жету жайында өзіндік тиімді тәсілдерімен бөлісті деп жазады ztb.kz.

Ең алғашқы «Неге басқа емес, мейрамхана қызметі?» деген сұраққа кәсіпкер өзінің осы істен ләззат алатындығын айтып, жауап берді.

«Мен әрқашан рақат үшін жұмыс істейтінмін, сондықтан, егер мейрамхана кәсібім болса, бақытты боламын деп ойладым. Әр адам арманына еруі керек қой»,- дейді ол.

Өзінің бизнесінде Қуаныш қарапайым ережелерге бағынады. Бала кезінен көріп, түсініп өскен қонақжайлық қасиетін ол жеке кәсібіне басты сипат етіп алған.

Осы түсінігіне ол: «Бізде ең профессионалды даяшылар болмаса да, олар мейірімді. Бұл жолды біз Starbucks-тан алдық. Оның негізін қалаушы Говард Шульцтен былай сұрапты: «Өз қарамағыңыздағыларды жымиып тұруға қалай үйреттіңіз?». Сонда Шульц: «Ал біз күле білмейтін адамдарды жұмысқа қабылдаған да жоқпыз»,-деп жауап берген көрінеді. Менің әдісім де сол, жаңа персоналды жинағанда, олардың қайырымдылығына қарадым. Онда сымбаты соншалық керемет емес қыз бен бетінде дағы бар жігіт те болды, алайда, олар мейірімді еді. Олар сіздердің үстеріңізге шай төгіп алуы мүмкін, бірақ бар жан-дүниесімен кешірім сұрағанда, сіздер оларды түсініп, кешіре аласыздар», - деп мысал келтірді.

Қуаныш жаңа идеяларды жүзеге асыру жолындағы кәсіпкер. Ол тек Қазақстан ішінде емес, шет елдерде де өз жобаларымды мойындатқым келеді дейді.

«Қазір серіктестеріммен Лондон жөнінде ақылдасып жатырмыз. Біздің өз стиліміз, философиямыз бар, сондықтан, ағылшындарға бізге келу, дем алу, серіктес болу қызықты шығар деп үміттенеміз. Біз онда орталықтан орындар іздестіріп жатырмыз. Лондоннан соң, Нью-Йоркта та ашылғымыз келеді. Сосын, Чикаго, Сан-Франциско, Майами, Вашингтон...», - дейді ол.

Бизнесмен алдына өте үлкен мақсаттар қоятынын, әлемнің түкпір-түкпірінен 130-ға жуық мейрамхана жұмысын жасақтап шығарғысы келетінін де айтып өтті.

Табысты кәсіпкер кез-келген жеңістің артында еңбек пен білім тұратынына сенімді. Ол кітап оқуды ерекше жақсы көреді екен. Йон Бергер, Элиях Голдрат, Ицхак Адизес сынды авторлардың еңбектерін сүйіп оқитындығына қарағанда, ол – барлық ісінің негізіне теориялық білімін қоятын, оған практиканы үйлестіре алатын азамат. Ал осы жолда Қуаныш мырза жас кәсіпкерлердің анықтамалығы іспетті, өзінің тың кітабын жарыққа шығармақ көрінеді.

Ол кітап жазбақ ниетін «Иә, қазір «Манн, Иванов и Фербер» баспасымен келіссөз жүргізілуде. Кітап бойынша Максим Котинмен ақылдасып жатырмыз. Кітап мейрамхана жөнінде болмайды, бірақ біз оған «Без паники, плова хватит всем!» атты тақырып таңдап алдық», - деп нақтылай кетті.

Сұхбат соңында бизнесмен жас буынмен бірнеше маңызды кеңесімен бөлісті. Оның айтуынша, жас кәсіпкерге біріншіден, білім деңдейін көтеріп отыру маңызды. Онда да кітаптардан алған ілімнің теңдесіз екенін атап көрсетті. Өзі жылына 20-30 кітап бітіреді екен.

Екіншіден, ақылды адамдармен араласу қажет дейді. Олармен жай сөйлесудің өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Қуаныш Шонбай үшіншіден, дұрыс сериалдар қарау керек деп түйді. Ол сериалдар ешқандай білім бермеуі мүмкін, бірақ оларды көрген соң, жаңа тың иделар келіп, шабытқа ие болу мүмкіндігінің басымдығын айтады.

Сұхбаттасқан Марат Шакен

Тағы оқыңыздар:

Малайзияда бәтеңкесіне сыра құйып ішкен дипломаттың басы дауға қалды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге жұмсалмақ

АҚШ-тағы Головкиннің жанкүйері: «Борат» GGG-дің көлеңкесінде қалды

Бангладеште теңдессіз ерекше мешіт салынды (фото)

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне 2 млн доллар бөлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1275596-qazaqstandyq-tanymal-kasipker-tabys/

pixel