Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ аруы: Өзіне назар аударту үшін ашық-шашық киінетін қыздар шаршатты

Опубликовано:

Ұлы Абайдың 120 дай өлеңдерін жатқа білетін "Қазақ аруы - 2016" Әлмира Ахатова qamshy.kz сайтына сұхбат беріп, қазіргі қыздар мен жігіттер туралы ойымен бөлісті.

– Әлмира, қай жерде, қай жылы дүниеге келгенсіз?

– Атырау қаласында, 1996 жылы көпбалалы отбасында дүниеге келдім.

– Есіміңізді ерекше етіп кім қойған?

– Есімімді әкемнің інісі қойған, Әлмира естуім бойынша екі мемлекеттің тілінен аударылады: испан тілінен - xаншайым деген мағынаны білдірсе, араб тілінен - шыншыл, батыл деген мағынаны береді екен, есімім өзіме қатты ұнайды.

– Отбасында неше баласыздар?

– Отбасында төрт баламыз, Аллаға шүкір, мен тұңғышымын, артымнан ерген екі інім, бір сіңілім бар.

– Егер, сізге «Әлем аруы» байқауына шақырту келіп, подиумға іш киіммен шығу ұсынылса байқауға қатысар ма едіңіз?

– Ондай әрекетке бара алмайтыным - ақиқат, әрине мемлекітімізді осындай ірі масштабты конкурста көрсеткенге не жетсін, бірақ өлімнен ұят артық, ар-ұятым мен намысымды қашан да алға қоямын.

– Қазіргі қыздардың шамадан тыс боянып, сәнге құмартуына не дейсіз?

– Көп қыздардың өлшеуін білмей шектен шығатындары рас. Әрқашан да ненің де болсын "шекарасын" біліп сезіну керек ,біреуге жарасады біреуге жараспайды деген тағы бар, қазіргі кезде жастардың, біздердің арамызда адасқан ұғым қалыптасқан. Мысалға кәдімгі күнделікті инстаграмымызда қыздар ұнау үшін, кішкене лайк үшін ашық-шашық киімдер салып, білмеймін батыстан келген дүние ме?! Шаршатып жіберді шыны керек, өкініштісі бәрі біздің қарақөз қыздар, әрбір екіншісі сондай қылық жасайды. Ашындыратын жағдай әрине.

– Қазір қазақ жігіттері ұсақталып кетті дегенді қыздар жиі айтады. Ал, сіздің бүгінгі қазақ жігіттеріне көңіліңіз тола ма?

– Көпке топырақ шашып қайтеміз, иә ондай жігіттерде аз емес, азамат жігіттеріміз де баршылық, ондай жағдайда тәрбие үлкен рөл ойнайды, сонымен қоса санасында болса қарапайым нәрселерден шалыс басып, өз-өздерін басқа қырларынан көрсетіп жатады, өзіміздің жігіттерімізді жамандап табаласақ не болады, уақыт өте өз қалпына келер деген үміттемін.

– Қазіргі елімізде болып жатқан қай мәселе сізді қатты толғандырады?

– Көп нәрсе толғандырады, тәрбие, білім, тіл мәселесі дегендей, бастысы өзімізді сақтап қалсақ болғаны, яғни руxымыз бен тіліміз.

– Бүгінгі таңда тұрмысқа шыға алмай, жігіттерге ұсыныс жасата алмай жүрген қаракөздердің саны қаптап кетті. Жалпы, өз жартысын таба алмай, жалғыздықтан шаршап жүрген қыздарға қандай кеңес бересіз?

– Шыны керек, бұл мәселе көбейіп жатыр, иә өзім де байқаймын. Қазір қоғам, заман ағымына қарай әйел қауымы ертеге қарағанда бір саты көтерілді деп айтсақ, қателеспейтін шығармыз, сірә осының да әсері бар шығар? Менің ойымша, сол бір жанның бақытың болатынын сезінсең, ақылмен таразыға салып, былайша айтқанда маxаббат үшін күресу керек, сонда ғана баянды да бақытты сезімге қол жеткізе аламыз.

– Медицина саласында білім алып жатыр екенсіз. Денсаулық министрі болсаңыз, ең алдымен біздің медицинада нені өзгертер едіңіз?

– Аузыңызға май ләйім, болашақта көре жатармыз, медицина саласы - менің таңдауым, шынымен медицинаны жан-тәніммен сүйемін, осы өмірде кішкене болса да дертіне дауа болып, адамдардың қуанышына ортақтасып, еліме бір өзіндік үлесімді қоссам - бір арманымның орындалғаны.

– Абайдан басқа қазақ жазушылары мен ақындарынан кімдерді оқисыз?

– Қазақта әдебиет тариx жағынан елеусіз қалған тұлға жоқ шығар, сірә?! Көбіне сүйіп оқитыным - Мұқағали Мақатаев, мұзбалақ ақынның әрбір өлеңі жүрегіме ыстық болып көрінеді, Шәкәрім, Маxамбет деген оқуларға да қатысып жүрдім.

– Сұлулығыңыздың құпиясы неде?

– Ең бірінші Алланың сыйлығы шығар деп ойлаймын, екінші ата-анама, генетикама раxмет! Сырты бүтін, іші түтін болып жүргенше, осы тепе-теңдікті сақтауға тырысамын. Тек әдемі болу жеткіліксіз, ақыл мен тәрбие, қарапайымдылық деген белгілер ұштасып жатса нұр үстіне нұр!

Сұхбаттасқан: Айжан Қалиева 

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Қазақша білетінін міндет қылған бойжеткен шымкенттік жігіттің намысына тиді (фото)

Ерасылдың мәйітін қалың қарға Аян Мейірбаевтың әпкесі тастап кеткен

Назарбаев сырқатынан жазылған соң алғашқы кездесуін өткізді

Шымкентте бір рет көрген қыздарды алып қашып, келін қылатыны рас па?

Семейлік жігіттің үш жылдан бері көңіл жарастырған қызы басқа жігіттен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1284277-qazaq-aruy-ozine-nazar-audartu-ushin-ash/

pixel