Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды
Жарияланған күні:
Биыл Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Белгілі болғандай, қазақстандықтардың арасында сұранысқа ие көліктердің көшін Lada бастап тұр, яғни биылғы 9 айда ел аумағында 6 086 ресейлік көліктің маркасы саудаланды. Toyota дилерлері 5 728 автомобильді өткізген көрінеді. Сондай-ақ алғашқы үштікке Renault еніп тұр, бұл маркадан 2 925 машина сатылған екен.
Мұнымен қоса, ондыққа Hyundai (2 659 көлік), KIA (2 325 ), Volkswagen (1583 ), GAZ (1 467), UAZ (1 196 ед), Nissan (1 103 ) және Chevrolet (644) еніп отыр.
Модельдер арасында бірінші орында Lada Priora тұр. Ресейлік седанды 2 237мың сатып алушы қалаған. Сұранысқа ие модельдер ішінде Toyota Camry (2 232 көлік), Lada 4x4 (1 534 ), Renault Duster (1394 ) және Hyundai Accent (1261) бар.
Бұдан бөлек, сатып алу қабілеттігі жағынан Алматы қаласының тұрғындары ең белсенді болған, яғни олар 9281 көлік сатып алған. Одан кейінгі орында Астана (5333), Атырау (2234), Өскемен (1656) мен Қарағанды(1623) қалалары тұр.
Тағы оқыңыздар:
Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?
Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейдің ата-анасы өлім жазасын талап етті (видео)
АҚШ елшілігі америкалықтарға ет асуды үйретіп жатыр (фото)
Сырқатынан жазылған Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға бармақ
Өзбек азаматы Атырауда 10 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін іздеп шарқ ұруда (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1286370-qazaqstandyqtar-arasynda-suranysqa/