Бақтықожа Ізмұхамбетовтың ұлы: Әкемде жұмыстарыңыз болмасын
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтың отбасылық дауына байланысты оның ұлы Салауат Ізмұхамбетов арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Осыдан екі ай бұрын өзін белгілі қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы келіні деп таныстырған Айсұлу есімді келіншек желіге видео салып, онда балаларының әкесінен алимент өндіре алмай жүргенін жайып салған еді.
Осыған байланысты Салауат Ізмұхамбетов түсініктеме берді. Ол болашақ жары Айсұлумен Ялтада өткен шахмат турнирінде танысыпты. Оған бір көргеннен ғашық болғанын жасырмады. О баста бойжеткенді ата-анасы мен достары ұната қоймаған. Сондықтан екі жас олардан алшақ кетіп, біраз уақыт Мәскеуде тұрып келген екен. Бірақ туған-туыстан жырақта жүру Салауатқа қиынға соғып, ата-анасымен Алматыда табысады.
«Қазақстанда үйлену тойын жасап, осында қалдық. Әке-шешем бізге үш бөлмелі пәтер сыйлады», - дейді Салауат Ізмұхамбетов.
Алайда бақытты отбасылық өмірі үш-ақ жылға созылыпты. Үйдегі жоқ жерден шыққан ұрыс-керіс Салауаттың отбасынан безуіне себеп болған. Ондай кезде ойынхана жағалағанын мойындайды.
«Менен ілік іздеп табан астында ұрыс шығаратын еді. Ондай кезде ойынханаға барып жүрдім, қазір өкінемін. Құрбылары маған оның адал еместігі жөнінде айта бастады. Содан бастап онымен бір шаңырақ астында тұру мүмкін емес екенін білдім», - дейді кейіпкер.
Салауаттың бұрынғы әйелі әлеуметтік желі арқылы оның 11 жыл бойы алимент төлемей жүргені туралы мәлімдеген еді.
Салауат Ізмұхамбетов бұрынғы әйелінің бұл қылығын түсіне алмайтынын жеткізді.
«Оның бұқаралық ақпарат құралдарына айтқанының бәрі өтірік. Біз казинода емес, Ялтада таныстық. Құмар ойынын ойнадым, бірақ отбасыма зиянымды тигізбедім. Мен екеуміздің ортамыздағы болған жайттардың барлығын айтуға міндетті емеспін. Ажырасқанда сотта мүлікті бөліспедік. Біз Алматыдағы 3 бөлмелі пәтерді оның атына аударатыным туралы келістік. Ол алимент талап етпейтінін туралы қолхат жазып қалдырған. Ажырасқалы бері ата-анам үнемі көмектесіп тұрады, өйткені немерелерінің ешнәрседен тарықпай өмір сүргенін қалайды», - дейді Салауат Бақтықожаұлы.
Салауат Ізмұхамбетов бәрінен бұрын әкесін жайына қалдыруды сұрап отыр.
«Мұндай қылықтар біздің отбасының беделіне ғана нұқсан келтіріп қоймай, әке-шешемнің көңіл-күйі мен денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олардың ешқандай кінәсі жоқ. Мен өзім ересек адаммын, өз әрекетіме өзім жауап бере аламын», - дейді ол.
Салауат Ізмұхамбетов содан бері отбасын құрмапты. Ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан тәрізді.
Тағы оқыңыздар:
Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)
Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)
Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр
Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты
Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1286784-baqtyqozha-izmukhambetovtynh-uly-akemd/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.