Шымкентте "нұротандық" шенеуніктің қымбат көлігі жолдың қақ ортасына тұрып алды (фото)
Жарияланған күні:
Шымкентте "Нұр Отан" партиясына тиесілік көлік шу шығарды. Қызметтік көлік жол қозғалысына кедергі келтіріп, полицейлер партияның көлігіне ешқандай шара қолданбаған деп хабарлайды Замана басылымы.
Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Анар Сүлеева есімді қолданушы «Қыстауовқа қағида жоқ па?» деген тақырыппен сын тұрғыдағы жазбасын жариялаған. Онда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болатбек Қыстауовтың Шымкенттегі «Автонұр» базарының аялдамасында қалдырылған қызметтік көлігі жол қозғалысына кедергі келтіргені, жол полицейлерінің оны көре тұра ешқандай да шара қолданбағаны жөнінде айтылған.
Ол жазбада Қыстауовқа тиесілі қызметтік көліктің жолды жауып тұрған суреті де жарияланған болатын. «Сонда «нұротандыққа» ешкімнің де құзыры өтіп, сөзі жүрмей ме?» – деп желі қолданушысы ренішін білдіріді.
"Нұр Отан" партиясы өкілдерінің бұған айтар өз уәждері бар екен.
«Оқиғаның қалай орын алғаны жөнінде мен автордың өзіне жазба жарияланғаннан кейін хабарласып, түсіндіріп айтқанмын. Яғни ол кезде Болатбек Дүйсенбекұлы Шымкентте болмаған. Ол кісінің жүргізушісі бастықты ұшаққа шығарып салған соң қайтып келе жатқанда көлігінен бір ақау шығып, танысына хабарласыпты. Ол қажет бөлшектің «Автонұр» базарына кіре беріс тұстағы бір сауда орнынан табылатынын айтады. Керегін жолдан ала кетпек болған шофер көлікті сол айтылған тұсқа тоқтата салып, әлгі жерге жүгіріп барып қайтыпты. Әрине, көлік жүргізушісінің бұл әрекетін ақтай алмаймыз, оған кейін тиісінше шара көрілді. Оқиғаның қалай болғаны жөнінде түсініктеме жазды, кінәсі үшін оған сөгіс берілді. Сондықтан бұл оқиға жөнінде ушықтыра берудің қажеті жоқ деп ойлаймыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Фатима Хикметова.
Тағы да оқыңыздар:
Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын
Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды
Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды
Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды
Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды
25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1302165-shymkentte-nurotandyq-sheneuniktinh-qy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.