ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысының ІІД-і 8 жасар Виктория Тойкеневаны өлтірген болуы мүмкін күдіктінің фотосын жария етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Kazinfo.today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Баланы өлтірді деген күдікпен 1991 жылдың 30 тамызында ШҚО-да дүниеге келген Яицкий Олег Иванович құрықталды. Бүгінде ол оқшаулағышқа қамалып, тергеушілер қылмыстың мән-жайын анықтауда.
Алдын ала болжам бойынша ер адам қыз баланың өгей әкесіне қызмет еткен жұмысшылардың бірі болған.
Қылмыскер мәйітті көршісінің үйінде жасырған. Бүгінде мамандар 25 жастағы Олег Яицкийдің үйін және мәйіт табылған үйді тексеріп жатыр.
Сегіз жасар Виканың өліміне қатысты күдіктіні еріктілер бейнетіркеуіштің көмегімен анықтаған. Онда ер адам жолдың бойында қыздың рюкзагын асынып, кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Еске салсақ, Зыряновск қаласында жоғалып кеткен 8 жасар Виктория Тойкеневаның өлі денесі табылды. Қыз бала 10 қараша күні хабарсыз кеткен.
Күдікті Викадан бөлек, бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы Ксения Сидоринаны да өлтіргенін мойындап отыр.
Сол арада, тұрғындар Виктория Тойкеневаның жерлеуіне қаражат жинап, ата-анасына қол ұшын созуда деп жазады yk-news.kz.
Көмек көрсеткісі келетіндер еріктілердің бірі Оксанаға келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа алады: + 7 777 708 17 17.
Тағы да оқыңыздар:
Төлешовтің меншігіндегі зауыт Ахметжан Есімовтің күйеу баласына өтіп кетті
Алуа Қонарова Баян Есентаеваны адам қатарына қоспайтынын айтты
Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)
Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық
Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті
Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1314684-shqo-da-segiz-zhasar-qyz-balanynh-olimine/