Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Шымкентте екі сөздің басын қоса алмаған шенеуніктің масқарасы шықты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкентте денсаулық фестивалі өтті. Оған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Қатаев арнайы келіп, қатысушылардың басы-қасында болды. Тек тілшілерге сұхбат берген шенеунік екі сөзінің басын әрең қосты.

«...осы денсаулық сақтау, денсаулықтың қазір... Жастар, жастар денсаулық» деп сөйлеген Қатаев мырзаның ол әрекетіне жаны ашып кеткен тілшінің бірі шенеунікке шараның мақсатын сыбырлап жеткізді.

Мұнан соң барып қана бөлім басшысы «Иә, жастар салауатты өмір салтын қолдау барысында біз осындай фестивальді ұйымдастырып жатырмыз» деп ойын қиналып тұрып жеткізді.

Айта кетейік, Нұржан Қатаев Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылық қызметіне 2015 жылдың қазан айында тағайындалған.

Тағы оқыңыздар:

Алпыстан асқан Лидия Кәденова би билеуден жастарды шаң қаптырды (видео)

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген ер адамға қатысты жаңа дерек пайда болды

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын кореялық актриса кім?

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1337113-eki-sozdinh-basyn-biriktire-almaghan-shy/

pixel