Еліміздегі балалар сүйіп жейтін ең тәтті шоколадтар қалай жасалады?
Жарияланған күні:
Интернетте тәттілер шығаратын әлемнің алпауыт брендтерінің "кәмпиттері" адам ағзасына зиян екенін дәлелдеп беретін ақпарат жетіп артылады. Осы орайда елімізде сұранысқа ие Albeni батончиктері мен түрлі тәттілер шығаратын "Халық маркасы" белгісіне ие "Хамле Компани ЛТД" ЖШС компаниясына барудың реті түсті. NUR.KZ порталы еліміздегі ең тәтті шоколадтар қалай жасалатынын өз көзімен көріп қайтты.
Бүгінде дүкендер сөрелерінде самсап тұрған тәттілерді көргенде бала түгілі, ересек адамның да тәбеті ашылады. Кәмпит, шоколадтардың алуан түрінің қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін түсіну қарапайым тұтынушыға оңай емес. Ал жаңа жыл қарсаңында тәтті кәмпиттерге деген сұраныс бірнеше есеге арта түспек.
Кондитерлік өнімдер мен тәттілер шығаратын компанияның басқа өндірушілерден ерекшелігі көп. Әрбір шығарылатын өнімнің өзіндік жасалу құпиясы бар. Әрбір ингредиент, оның мөлшері, оның қайдан әкелініп, қалай жасалатыны - құпия ақпарат. "Хамле ЛТД" компаниясы бізге барлығын жасырмай айтып берді.
Компанияның Орталық Азияға жеткізілімдер жасау жөніндегі директоры Арман Шәкеновтің айтуынша, компания бүгінде қарқынды дамып келеді. Оның бір көрінісі ретінде бірер жылдың ішінде үздіксіз жаңарып келе жатқан өнімдерін атауға болады.
Бүгінде компания 816 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір қызығы, олар өз ішінде аса ерекше атаумен аталады екен. Мәселен, өндірісте жұмыс жасайтын қызметкерлерді "көк жағалылар" деп атаса, кеңседе отырып, идеялармен, қағаздармен жұмыс жасайтын қызметкерлер "ақ жағалылар" деп аталады.
"Көк жағалылар" мен "ақ жағалылар" - бұл Үндістандағы секілді каста емес. Керісінше, олар бірлесе жұмыс жасау арқылы ортақ нәтижеге қол жеткізуді көздейді.
Компанияға жұмыс істейтіндер ондағы "тәттілерге" қызығып келетінін жасырмай отыр. Мәселен, компания қызметкері, маркетолог Әсел тәттіні жақсы көретіндіктен компанияға ойланбастан жұмысқа тұрған.
Балалардың да, ересектердің сүйіп жейтін Albeni деп аталатын батончиктері дәл осы жерде өндіріледі. Компанияның әрбір қонағының алдына үлкен табақпен Albeni-дің түр-түрі, тәтті вафлилер мен қытырлақ крекерлер әкелінеді.
Кез келген келіссөздер "тәтті" атмосферада өтеді дейді Арман Шәкенов.
"Біз әлемдік нарықты жаулаған Snickers, Мars, Kit-Kat секілді батончиктерден кейін төртінші орында тұрмыз. Біздің болашақтағы мақсатымыз - оларды басып озу. Өз өнімдерімізді жетілдіру арқылы біз күннен күнге нарықтағы орнымызды нығайтудамыз", - деді Арман мырза.
Оның айтуынша, компания өнімдері бірқатар әлем елдеріне экспортталады. Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, тіптен Қытай да Қазақстанда шығарылған компания өнімдерін сатып алады екен. Әсіресе, Қытайдың өнімдерді сатып алудағы үлесі өте көп.
Түрлі шетелдік брендтермен қатар компанияның отандық нарықтағы бәсекелесі де жоқ емес. Әлбетте ол "Рахат" пен "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикалары.
"Олардың бір ұтатыны - алатын шикізаттары арзанға түседі. Олардың жеке меншік плантациялары бар. Ал бізде ондай жоқ. Тікелей шикізатты шетелден тасуға тура келеді. Мәселен, құрғат сүт, какао бобтарды біз көптеген шет елдерден тасымалдаймыз", - дейді тасымалдау жөніндегі директор.
Компанияда 15 жылдан бері жұмыс істеп, компанияның қыр-сырын білетін құнды қызметкер Рахила болса бүгінде өз ісінің кәсіби маманы. Үш ауысымдағы жұмысшылардың қызмет сапасын қадағалайтын да осы кісі.
"Компанияға алғаш келгенімде ескі ғимаратта жұмыс істедік. Бүгінде басқа жерге шақырса да бармаймын", - деген ол шоколадтың сатып алушы қолына түскенге дейін қандай жолмен "жүріп өтетінін" күнде қадағалайтынын айтты.
"Бізде барлығы заманауи техника. Әрбір батончик болсын, бисквит, тоқаштар болсын біздің көз алдымызда дайындалады. Жаңа жыл қарсаңында жаңа жылдық сыйлықтарды алдына-ала қараша айында жасап тастаймыз. Балаларға арналғандықтан оған айрықша көңіл бөлінеді. Сіздер тура Albenі батончиктерінің жасалып жатқан кезіне дөп келдіңіздер", - дейді ол.
Қытырлақ печеньенің үстіне арнайы аппаратпен шоколад құйылып, ол кезек-кезегімен тоңазытқышқа барып түседі. Өте төмен температурада аз ғана уақыттың ішінде қатып шыққан өнімге ары қарай карамель құйылады. Бұдан ол тағы да тоңазытқышқа жіберіледі. Осылайша, кезең-кезеңімен жүзеге асқан "батончик даярлау процедурасы" жалғаса береді.
"Бәрін өз қолымызбен, өзіміз жасағандықтан, отбасымызбен осы өнімдерді жақсы көреміз. Біздің өнімдердің бағасы өте тиімді. Мәселен, "Хамленің" "Яблочко" деп аталатын печеньелерін елдің бәрі сүйіп жейді. Оның құрамындағы қант өте аз мөлшерде, сондықтан кішкентай балаларға қорықпай беруге болады. Сосын, дайындалу технологиясы да ерекше. Мысалы, жұбайым босанғанда, балаға диатез шығып кетті. Дәл осы Хамленің печеньесін арнайы іздеп жүріп сатып алдық ", - деді Арман Шәкенов.
"Сіздерге бір қызық айтайын, бір таныс атайымыз Хамленің осы "Яблочкосын" ауылдан таппай, ауданнан таппай, арнайы облыс орталығына барып сатып әкелдім дейді. Бұл дегеніңіз сұраныс бар деген сөз. Яғни, біздің өнімді сүйіп жейтін жандар көп деген сөз. Біз бұған қатты қуанамыз", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар:
Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?
Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті
Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады
"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)
Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1338441-elimizdegi-balalar-suyip-zheytin-enh-ta/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.