Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйіне жаңа түскен келініне өзі сәлем салған ене көпшілікті елжіретті (фото)

Опубликовано:

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келініне өзі сәлем салған ене туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтып берді.

"Мынау отырған Шолпан апай жастайынан арбада отырады... Сөйтіп жүріп "Жас қанатқа" қатысқанын алдымен енесі көріп ұлына "шіркін-ай, осы қыз келінім болса ғой" деп арманын айтқан екен.

Періште "әумин" деген болар, көп ұзамай ұлы Ғабит тура сол қызды үйіне келін қылып алып келеді... Сонда данышпан ана ұлына: "Бұл қызды өмір бойы алақаныңа салып, аялап өтетін болсаң ғана ал, егер жылататын болсаң ешқашан кешірмеймін" деп талап қойған екен...

Келінінің арбада отырғанына еш қынжылмай, тіпті Шолпан ыңғайсызданбасын деген болуы керек: "Сен ұлы Найман елінің, текті жұрттың қызысың, саған мен сәлем салу керекпін" деп үйіне келіні келгенде өзі иіліп сәлем салыпты. Осы оқиға менің жүрегімді қозғады. Соншалықты кең жүректі ананы көргім келді. Өкінішке орай, біраз уақыт бұрын абзал ана қайтыс болған екен. Ғабит ағамыз анасының айтқанын тіпті асыра орындап, Шолпан апайдың қас қабағына қарап келеді.

Екеуінің бірге шырқаған әндерін естісеңіздер. Бір қызды апайымыз өзі дүниеге әкеліп, тағы екі баланы асырап алған. Қандай өнеге?! Осындай ұлылық біздің неге қолымыздан келмейді екен?", - деп жазды Айнұр.

Тағы оқыңыздар:

"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі

Ақмола облысында аң аулап, көңіл көтергісі келген прокурорлар ұсталды

Бердібек Сапарбаев ауылда отырып сүт пен нанды сатып алатын келіндерге ренжіді

Ер адам өзімен билеуден бас тартқан жүкті келіншекті атып тастады (видео)

Теміртау тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған педофил кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1339321-uyine-zhanha-tusken-kelinine-ozi-salem-s/

pixel