Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, бес мың долларын алып кеткен (фото)
Жарияланған күні:
Үйленгелі жүрген күйеу жігіті өзін алдап жүргенін білген бойжеткен оның суретін жария етуді жөн көрді деп хабарлайды pandaland.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ол өзінің басынан кешкен оқиғасын pandaland.kz сайтына айтып берді.
Ол өзін Әмірбай Исмар деп таныстырған жігітпен В Контакте желісінде танысады. 27 жастағы Айгүл осыған дейін мансап қуып жүріп, тұрмыс құрмаған. Желіде танысқан жігітпен ол өмірде де кездесе бастайды. Өзін әскери адаммын деген жігіт үнемі іссапарда жүретінін айтқан. Исмар оның әр басқан қимылын бағып, қыздың сеніміне кіріп алады. Ол әңгімені де жақсы айтады дейді Айгүл.
"Басын ашып алайын, ол кафеге барсақ та, жалпы кез келген жерге барғанда барлық ақшаны өзі төлейтін. Кейде менен қарыз ақша алатын да, оны қайтарып беріп жүрді. Осылайша, бір жыл өтті. Әлеуметтік жағдайымыз бірдей болды. Бір жылдан соң ол маған үйленейік деп айта бастады. Оның жасы 30-да болғандықтан, ол Қордайда тұратын зейнеткер ата-анасы үйлен де үйлен деп айта береді дейтін", - деп әңгімесін жалғады қыз.
"Мен оған соншалықты ғашық болдым деп айта алмаймын. Бірақ жасым келіп қалғандықтан, тұрмыс құрғаным жөн деп ойладым. Келісіп, бір-бірімізді ата-анамызбен таныстыруға шештік", - дейді қыз.
Қыздың айтуынша, жігіт оны "жалған ата-анасымен" де телефон арқылы таныстырған. Өзін жігіттің анасымын деп таныстырған әйел өз рөлін керемет сомдап шыққан. Ал жігіт болса, ата-анасы алыс жолды көтере алмайды деген желеумен, бір-екі айда тойды жасап тастайық деумен болған.
Сөйтіп, құдалар телефон арқылы жігіттің екі әпкесін жібереміз деп келіскен. "Жалған туыстар" ұялмастан қыздың әке-шешесімен кездесіп, 2016 жылдың 12 наурызында той болады деп сендірген. Қыздың ата-анасымен емін-еркін араласа бастаған күйеу жігіт олардан 5000 АҚШ доллары көлемінде қарыз алған. Ал ұзату тойы болатын күні тіптен жолай жол апатына ұшырап, құдалар келе алмай қалды деп сылтауратады. Тойға ол жалғыз өзі келіп, ұзату тойы өтеді.
Айгүлдің сөзіне сенсек, ұзату тойынан кейін екінші күні ол қызды "өзімдікі" деп апарған пәтерінде қалдырып, өзі ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Телефон нөмерлерінің барлығы да өшірулі болады.
"Уақыт өте келе, ағам ол жұмыс істейтін әскери бөлімшеге хабарласады. Сөйтсе оның суретінің астында мүлдем басқа есім жазылып тұр. Оны шын есімі ешқандай да Исмар емес, Сайбиров Рауан болып шығады. Тіптен оның отбасы - әйелі мен ұлы да бар болып шығады. Міне, осылай", - дейді ашынған қыз.
Осылайша, полицияға арыз жазған қыз ол бұдан басқа да заңбұзушылықтарға қатысы бар екенін көргенін айтады. Оның адамдарды жұмысқа аламын деп алдап, ақшасын қайтармай, қарыз алып, бермей кеткен кездері көп екен.
"Кейіннен оның әйелі хабарласты. Ол мені күйеуінің көңілдесі деп ойлапты. Барлық жайтты айтып бердім. Ол қатты таң қалды. Оның ата-анасы үшін де бұл "тосынсый" болды.
Бұдан бері бір жыл өтті, ал ол болса әлі де бостандықта жүр. Менің ойымша ол тағы біреуді осылай айналдырып жүр. Қолымда ол туралы деректер мен суреттері бар. Қыздар, абай болыңыздар! Бұл алаяққа кез келген қыз тап болуы мүмкін", - деді ол.
Тағы оқыңыздар:
Із-түзсіз жоғалып кеткен "Болашақ" студенті АҚШ-тан табылды
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жер сілкінісі болды
Бояуды өкіртіп жағатын Ділназ Ахмадиева ешкім күтпеген шешім қабылдады
Головкин қарсыласымен ақшаға бола келісе алмай қалды
Марқұм анасын еске алған Бейбіт Қорған тыңдармандарын жылатты (видео)
Көңілдесімен кездескен әйел кішкентай балаларын тоғыз күн бойы қамап қойған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1341845-otbasy-bar-oficer-boyzhetkendi-bir-zhyl/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.