"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?
Жарияланған күні:
Ақтөбенің № 1 соты мұнай ұрлау ісі бойынша 11 күдіктінің ұсталуын санкциялады. Сот істің мән-жайын баяндады деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Мұнай ұрлау схемасы
Тергеу мәліметтері бойынша 30 жастағы Нұрболат Қайырбаев 2015 жылдан бастап Еркін Ізбасардың «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше болған. Олар мұнай және мұнай өнімдерін ешбір құжатсыз сатып отырған.
Осы мақсатта Қайырбаев өткен жылдан 2016 жылдың сәуіріне дейін Аксаков, Миралин, Сарамбетов, Чиков есімді ауылдастарын іске қосқан. Олар мұнайды ары-бері тасымалдаумен айналысқан.
Олардың әрбірі Мұхамедьянов, Сәрсенов, Ізбасардың бақылауында болды. Барлық сұрақтарды олар Ізбасармен жеке кездесулерде шешіп отырды.
"Ізбасар, Мұхамедьянов, Сәрсенов пен Қайырбаевтың қылмыстық әрекеті олардың мұнайды көп мөлшерде сақтау мүмкіндігін қаматамасыз еткен «Автодор» ЖШС, «Асад плюс», «Транзит» жанармай бекетінде тіркелеуіне себеп болды», - деді тергеу соты Зинаида Шмирова.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысының міндеті қандай?
"Сәрсенов пен Қайырбаев Ізбасардың жетекшілігімен мұнайды заңсыз сатып алатын адамдарды іздеумен айналысты. Олармен келіссөздер жүргізіп, тасымалдайтын көлікпен қамтамасыз етті. Мұнайды жүктеу, жеткізу мен түсіріп беруді бақылады. Сондай-ақ, Миралин, Аксаков, Чиков, Сарамбетов деген жүргізушілердің көздеген жерге жеткізуін назарда ұстап отырды", - деді Зинаида Шмирова.
97 мың литр - 14 миллион теңге
Іс материалдары бойынша, Еркін Ізбасар Ақтөбеде Мұхамедьянов пен Сәрсенов арқылы Қайырбаевқа мұнайды сақтайтын орынға жеткізу туралы жөн сілтеген.
Бұл жүйенің сызбасы былайша жалғасқан: Ізбасардың жөн сілтеуі бойынша, Сәрсенов, Қайырбаев және белгісіз адамдар мұнайды алып, «Транзит» жанармай бекетінің сақтайтын орнына тасымалдаған. Ол жерден әрі Ресейге сатып отырған.
Осы жылдың 1 сәуірінде Мұхамедьянов пен Сәрсенов ресейліктермен қолдан жасалған құжатпен 97 мың литр мұнай өнімін сату туралы келіседі. Екісі күні түнде қара алтын тиеген автоцистерна Ақтөбеден Орскіге жол тартады.
Келесі күні оларды полиция ұстап алады. Олардан табылған мұнай өнімінің құны 14 миллион 550 мың теңгеге бағаланған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бәрі ұсталған жоқ
12 желтоқсанда Ақтөбенің № 2 соты Асхат Сарамбетов, Нұрболат қайырбаев, Валерий Аксаковты ұстауды санкциялады. Оларды осы іс бойынша күдікті деп саналған басқа да адамдармен бірге тергеу изоляторына жіберді.
Олардың ішінде «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының көшбасшысы Еркін Ізбасар, Б.Батыров, Н.Казкенов, С.Дусупов, Е.Еркетаев, А.Амитов, Ж.Ильясов, А.Калиев және А.Сарсенов бар.
Еске салсақ, 7 желтоқсанда Ақтөбеде арнайы қызмет өкілдері мұнайөңдеу зауытының аумағын қоршауға алған болатын. Арнайы операция кезінде күштік құрылымдар мұнай ұрлау бойынша күдіктілерді ұстады.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда Тәуелсіздік мерекесін Жаңа жылдың тасасында қалдырған кімдер? (фото)
Қазақстандық танымал журналист қайтыс болды
Шымкентте аудан әкімінің ұлы футболда ескерту жасаған төрешіні оңдырмай ұрып тастады
Шымкентте оқушы қыздар жаппай төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті
Қостанайдың бұрынғы әкімінің тойханасын алғашқы аукционда ешкім алмай қойды (фото)
Талғат Ермегияевтің қымбат көліктері мемлекеттік органдарға өтетін болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1346541-aghayyndy-torteu-aqtobedegi-munaydy-q/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.