Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Алға ауданында 13 жылда бірінші үшем дүниеге келді деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл хабарды естіген отағасы Жарылған Сейітов қуаныштан өз өзіне келе алмай біраз тұрды.

54 жастағы инженер-механиктің олардан бөлек төрт баласы бар.

Жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы, олардың әрқайсысының салмағы 2700 грамм шамасында. Сәбилердің есімі әлі  қойылмады.

«Бірінші отбасылық кеңес жасап, әрқайсысының пікірін тыңдап барып, ұлдардың есімін таңдаймыз", - дейді әп сәтте көп балалы ана атанған Таңнұры Жакина. 

Әйелдің өзі үшемді дүниеге әкелетінін кезекті медициналық тексеріс кезінде білген деп жазады «Диапазон».

"Үлкен ұлым - 13 жаста, қыздарыс 11, 8 және 3 жаста. Үлкен ұлым қатты қуанып, енді төрт ұлмыз деп жүр. қыздарымның қуаныштарында тіптен шек жоқ. Үшем боларын мен соңына дейін ешкімге айтып, тіс жармадым. Мен өзім де көпбалалы отбасынан шыққанмын", - деді ол.

Дәрігерлер Таңнұрын кесарь тілігі арқылы босандырып алған.

«Бірден үш баланы дүниеге әкелем деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бұл Алланың сыйы шығар. Маған көмектесіп, балаларымды қолыма табыстаған дәрігерлерге рахмет. Екі ұлым бір-бірінен айнымайды. Ал үшіншісі оларға ұқсамайды. Мен кейде оларды шатастырып аламын. Қайсысын емізіп, қайсысын қойғанымды білмей қаламын", - дейді әйел.

Бүгінде олар өздері салып алған үйде тұрып жатыр. Ол Ақтөбеден үй сатып алғысы келген, бірақ қаражаты жетпеген.

Жарылқан отбасын қалай асырап, алатын 120 000 жалақысын қайда жеткізерін білмей отыр.

 «Бұрын мемлекет көп балалы отбасыларға пәтер беретін, қазір ондай жоқ. Әкімдік тарапынан ешкім әлі құттықтап келген жоқ. Отбасымызда үшемнің дүниеге келуі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына жасаған сыймен тең", - дейді Жарылқан.

Ол билік басындағылар оның отбасына көңіл бөліп, Ақтөбеден пәтер бергенін қалайды. 

Алға ауданы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Әнуарбек Күнжар отбасы міндетті түре еленіп-ескерілетінін айтты.

«Міндетті түрде ескереміз. Үшем күнде тумайды ғой. Оған қоса үш ұл екен. Тәуелсіздің 25 жылдығына үлкен сый болды. Алғада бұл жағдай  бірінші рет болып тұр. Ол Ақтөбеде босанды ғой, әйтпесе, біздің перзентханада босанған болса, баяғыда-ақ барар едік ", - деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кездері дүниеге келген егіздердің саны көп. Олар көбінесе жасанды ұрықтандырудың көмегіне жүгінген отбасыларда дүниеге келеді.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек (видео)

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Павлодарда миллиардтаған қаржыға Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1349176-aqtobe-oblysynda-ushem-duniege-keldi-f/

pixel