Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір реттік материалдық көмекті кімдер алады?

Опубликовано:

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және АХАТ «Ақ Жайық» басылымына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген бірреттік материалдық көмек нақты кімдерге тиісті екендігіне қатысты егжей-тегжейлі түсінік берді.

Төлемдер бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі және оның көлемі 25 мың теңге.

Ол мемлекетттік атаулы әлеуметтік көмек (кедейлік шегінің мөлшерінен аспайтын орташа кірісті отбасылар -9 603 теңге) алушыларға; 18 жасқа дейінгі балалары үшін мемлекеттік жәрдемақы (азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын орташа кірісті отбасылар -14 404 теңге ) алатындарға; ай сайынғы кірісі күнкөріс минимумының есептелген көлемінен аспайтын тұрғын үй көмегін алушыларға - 24 007 теңге; күнкөріс минимумы көлемінен аспайтын ай сайынғы адам басына шаққандағы орташа кірісі аз қамтылған отбасыларға - 24 007 теңге арналған.

"Ережелерге сәйкесті бір реттік материалдық көмек жылына бір рет тағайындалады. Сондықтан да қазіргі төлем жыл басынан бері қандай да бір себептерге орай бір реттік жәрдемақы алмаған тек жоғарыда аталған санаттағы отбасыларға ғана берілетін болады", - деп нақтылады қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Рая Оралова.

Тағы оқыңыздар:

Шамды құшырлана құшақтаған мысық желіде жұлдыз болды 

Жолаушылар 50 сағат бойы Алматыдан ұша алмай отыр

Шымкенттегі жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат қайтыс болды

Есімовтің "ЭКСПО-2017" құрылысы туралы берген есебі кеңес мүшелерінің көңілін көтеріп тастады

Атыраулық шопан қасқырмен арпалысып, жеті жүз бас қойды аман алып қалды (фото)

ШҚО-да Қытай азаматы саяжайда кішкентай қызды зорламақ болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1355938-bir-rettik-materialdyq-komekti-kimde/

pixel