Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жас қыздар порнокәсіпті табыс көзіне айналдырды

Жарияланған күні:

Жұмыс іздеу қызметін ұсынатын сайттарда шетелдіктерге видеоконференция арқылы психологиялық қолдау көрсете алатын қыздарды қабылдау туралы хабарландырулар қаптап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Aktobetimes.kz осы кәсіпті табыс көзіне айналдырған бойжеткендердің бірімен тілдесіп көрген.

Анеля Ислямова бейнечаттың веб-моделі қызметін атқарады. Өз арасында олар бір-бірін «вебкам» деп атайды. Анеля жанына тағы бірнеше қызды ертіп, екіпәтерлі үйдің жертөлесінен арнайы студия жасап алған. Бөлменің ішінде кереует пен диван орналасқан. Осындай өзгеше кеңседе қыздар іш киіммен жүріп-тұрады. Олардың алып бара жатқандай міндеті жоқ. Анеля арнайы бейнечатта шетелдіктермен байланыс орнатып, біртіндеп шешініп, оның тілегін ақшаға орындайды.

Олардың эротикалық қиялдарын жүзеге асырамыз

«Вебкамның жұмысы қарапайым психологтардың міндетіне ұқсас. Біз ер адамдарға олардың жеке өміріне қатысты мәселелерді шешуге көмектесеміз, олардың эротикалық қиялдарын жүзеге асырамыз. Олардың барлығына бірнәрсе жетіспей тұрады ғой. Көбінесе, жай адаммен қарым-қатынас жасау, қыздармен сөйлесу оларға ауадай қажет. Мұндай психоанализ арзан тұрмайды. Ең бірінші кеште мен 25$ таптым. Ал қазір бұл сома өсіп келеді», - дейді бойжеткен.

Анеля Ислямова олардың қызметіне кімдердің жиі жүгінетінін ашық айтты.

«Менің чатымдағы ер адамдарды екіге бөліп қарауға болады: еркектер және жалғызбастылар. Еркектердің тілегін орындау оңай. Өйткені олар өзіне не керек екенін бірден айтады. Ал жалғызбастылардың қалауын табу қиынырақ. Бірақ олардан табыс көбірек түседі. Кейбірінің неке жүзігі болса да, өз ойындағысын айтатын адам таппай, біздің қызметімізге жүгінеді», - деп ағынан жарылды Анеля Ислямова.

Ол өздерін жеңілжүрісті әйелдер санатына жатқызып жүргендерге наразы.

«Неге екені белгісіз, бұл кәсіпті жезөкшелікпен бір қатарға қойғысы келетіндер көп. Менің жоғары білімім бар, бала күнімнен бимен айналысамын, шет тілдерін оқимын», - дейді ол.

Анеляның сөзінше, ол көптен бері шетелге кетіп қалу туралы ойлап жүр.

«Біздің қоғам мұндайңа дайын емес, кез келген фотомодель немесе клубта билейтін қыз біздің елде жезөкше саналады, ал шетелде оған мүлде басқаша көзқарас. Сондықтан менің басқа елге кеткім келіп жүр», - дейді бейнечаттың веб-моделі.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте қыз зорлады деп сотталған жігіттің келіншегі төрт баласын тастап кетпекші

Исламшыл бүлікшілер Филиппин түрмесіне басып кіріп, 132 қылмыскерді босатып жіберді

Туыстарының сөзіне құлақ асқан жігіт үйлену туралы ойынан айнып қалды

Екі жастағы сәби сыңарын өлімнен арашалап қалды

Жердің ең қарт адамы өзінің 146 жасқа толғанын атап өтті (фото)

Әйгілі америкалық боксшы: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1366054-aqtobelik-zhas-qyzdar-pornokasipti-ta/