Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі америкалық боксшы: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Опубликовано:

Әйгілі америкалық боксшы Флойд кіші Мейвезердің (49-0, 26 КО) пікірі бойынша мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) шаршы алаңда қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) еш қиындықсыз жеңе алады.

Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан хабарлады.

«Канело» GGG-ді жеңуге қауқарлы. Ол тіпті, кездесуді уақытынан бұрын әрі нокаутпен жеңеді десем қателеспеген болар едім. Егер Брук бірнеше жойқын соққысын дарыта алған болса, не боларын ойлап көріңіздер. Альварес менің қарамағымдағы жігіт болса, жекпе-жектің қазіргі уақытта өтуіне жол бермес едім. Промоутер болып қызмет еткендіктен, бизнес жағындағы мәселелерді жақсы білемін. Бұл істі жоспарлы түрде жүзеге асыру керек», ­– деді Мейвезер.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы ұрыс алғашында 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, мамыр айында мексикалық боксшы бұл кездесуден бас тартқандықтан орта салмақтағы оның WBC белбеуі Геннадийге берілді.

Осыған дейін Альварестің Головкинмен жекпе-жегін биылға жоспарлағаны әлемдік БАҚ беттерінде хабарланған. Мәліметтер бойынша, келіссөздер барысында қос тарап қаржы мәселесінде ортақ келісімге келе алмауда.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар асатаяқсыз жол полициясы қызметкерлерін мазақ қылуда

Алматыда инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсіп, аударылып қалды (фото, видео)

Алеппода 5 жасар балаға наркозсыз жасалған отаның жантүршігерлік видеосы пайда болды

БАҚ: Ыстамбұлдағы терактіні жасаған қылмыскер 28 жастағы қырғызстандық болып шықты (фото, видео)

Шахандағы апаттан аман қалған оқушы қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1365659-meyvezer-alvares-golovkindi-nokaut/

pixel