Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қолының сұғанағы бар үш әйелдің масқарасы шықты

Опубликовано:

Шымкенттік полицейлер қалта ұрлығын кәсіп еткен жергілікті үш әйелді ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Күдіктілер базарлар мен адам көп жиналатын орындарда қалтаға түсумен айналысыпты.

Полицейлерге өткен жылдың соңында 30 жастағы Шымкент тұрғыны арызданған болатын. Әйелдің айтуынша, базарда оның сөмкесінен белгісіз біреулер ақшаға толы әмиянын ұрлап кетіпті. Келтірілген шығн көлемі 120 мың теңге.

Шұғыл іздеу жұмыстары барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, тәртіп сақшылары 1971, 1985 және 1991 жылы туған үш әйелді қолға түсірді. Үшеуі де жұмыссыз және Шымкенттің тұрғындары.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілер қалта ұрлығын кәсіп еткен екен. Бұған дейін олардың тағы осындай үш қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады. Ұрлық жасар кезде күдіктілердің бірі "құрбандарын" алдандырумен айналысса, қалған екеуі сөмкесі мен қалтасын түгел тінтіп шығады екен. Керектілерін алып болған соң біраз уақытқа дейін ізін суытады.

Қазір ұсталған үш әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қарындасына бүйрегін берген жігіт жеңгесіне қалай алданғанын айтып берді

Шаханда қираған үйдің тұрғындарына жаңа пәтер берілмек

ІІМ: 7 қаңтардан бастап пәтерлерді жаппай тексермейміз

Қазақстандық қыздарға қалтасы қалың қытайлықтар құда түсуде

Сәуегейлер 2017-жылға қандай болжам жасаған?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне тез арада еліне қайту туралы бұйрық келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1368142-shymkentte-qolynyn-sughanaghy-bar-ush-aye/

pixel