Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дінмұхамед Қонаев бүгін 105 жасқа толды (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін мемлекет қайраткері, ұзақ жылдар Қазақстанды басқарған тұлға Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Осы орайда белгілі ақын Мұхамеджан Тазабеков Қонаевқа қатысты естелігімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Осыдан 25 жыл бұрын, 12 қаңтар күні, Дінмұxамед атамның дастарxанында қонақ болып, қазақ зиялыларының алдында қоңыр домбыраммен 3 мәрте шығып арнау айтқаным әлі есімде. "Давай, Мұқа", деп қанаттандырып басталған Димаш атамның демеу сөзі, кеш соңына орай ақжарылқаған тілекке, ақ жүректен шыққан батаға ұласқан еді. Мен секілді мектеп қабырғасындағы бала үшін де, өмірдегі ең үлкен мектептің дәрісі осылай басталған еді. Меккеге екі рет барып, қажылық атқарған Жұмабай ақсақалдың немересі, арабша, парсышаға жетік болған, зиялы Аxмет қарияның ұлы, қазақ xалқының сүйікті перзенті - Дінмұxамед атама Алланың раxметі жаусын! Жаны жаннатта болып, артындағы жанашыр жұрты өркендеп, өсе берсін! Атаммен тариxи жүздесуіме себеп болған, жақында ғана дүниеден өткен Берден көкемнің де Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды ақын желідегі парақшасында.

Айта кетейік, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев тірі болса, бүгін 105 жасқа толар еді деп жазады baq.kz.

Дінмұхамед Ахметұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Д. Қонаев институтты 1936 жылы тау-кен инженері бойынша бітіріп шыққан. Оқуды аяқтаған соң, 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

1993 жылы 22 тамызда 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда қаржы жымқырды деп айып тағылған танымал тұлғалар кімдер?

Қазақстанда жақын күндері өткінші суық болады

Алматы облысындағы ХҚКО-те қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Бокс маманы: Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі

Трамп ұсынған кандидат "исламды ұлы сенім деп бағалап, мойындай бастағанын" айтты

Көп сыйақы алатын әлемдегі ең мықты 10 боксшы

Енді Тәжікстанның діни қызметкерлері мұсылманша неке рәсімін өткізе алмайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1373324-dinmukhamed-qonaevtynh-batasyn-alghan-t/

pixel